ҚХА Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесі өтті

30 Қазан 2018, 07:45 1902

Бүгін Астана қаласында Конгресс-орталықта «Қазақстан және Орталық Азия: этноәлеуметтік үрдістер мен этномәдени диалог» тақырыбында этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім мәселелері бойынша Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңестің отырысы өтті.

Бүгін Астана қаласында Конгресс-орталықта «Қазақстан және Орталық Азия: этноәлеуметтік үрдістер мен этномәдени диалог» тақырыбында этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім мәселелері бойынша Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңестің отырысы өтті.

Кездесуге этномәдени үрдістерді, аймақтағы этносаралық диалогтың әлеуетін пайдаланып, этномәдени диалог шеңберінде бірлескен жобаны талқылау үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Еуропа елдерінің сарапшылары қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко кеңеске қатысушыларды қарсы алып, отырыстың табысты өтуіне сәттілік тіледі. Ол жыл сайын осындай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналғанын, тәжірибе алмасу және білім жинақтау үшін алаңдар құрылғанын атап өтті.

«Бұл кездесуге Орта Азия, Батыс Еуропа және Қазақстаннан көптеген сарапшылар қатысуда. Біздің конференция Қазақстан астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орайласып отыр. Астана ЕҚЫҰ Саммиті, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, Халықаралық және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кездесуі сияқты ірі халықаралық іс-шараларға арналған еліміздің әкімшілік-мәдени орталығына айналды. Мемлекет басшысының Қазақстандағы саясаты арқасында көптеген керемет ғимараттар салынуда. Бүгін біз сондай керемет ғимараттың бірі – Конгресс-орталығында кеңес өткізіп жатырмыз, бұл жақында салынған жаңа ғимарат. Сонымен қатар алғаш рет Астананың 20 жылдығына арналған Тұңғыш Президенттің Қоры дайындаған фотокөрмені алғаш рет тамашалап отырмыз. Бұл тек шетелде ұсынылған бірегей көрме», – деді ҚХА Хатшылығының басшысы.

«Орталық Азияның ғылыми-сараптамалық кеңесі ең маңызды мәселелерді талқылайтын қазіргі операциялық алаңға айналды. Біздің өңірде динамикалық этнографиялық, этноәлеуметтік және көші-қон үдерістері дұрыс жолға қойылған және олар жан-жақты талдаудың өзектілігін арттырады. Біріншіден, Орталық Азия аймағы әлемде болып жатқан барлық күрделі мәселелерге қысым жасай алмайды, атап айтқанда, біздің ғаламшар тарихындағы ауқымды иммиграцияны куәландырады.

Уақыт бір орнында тұрмайды. Идентификация және бірлік – бұл терминдер тұрақты жұмыс істеуді, нақты істерді дамытуды және нығайтуды талап етеді. Этносаралық қатынастардағы қазіргі үрдістерді талдау, болжамды даму сценарийін құру және ықтимал тәуекелдерді анықтау өте маңызды.

Біздің ынтымақтастығымыздың барлық аспектілері Орталық Азияның күн тәртібінде. Орталық Азия – бұл мүмкіндіктердің үлкен әлеуеті бар бірегей аймақ. Қазақстан барлық бағыттар бойынша, оның ішінде экономика, көлік және байланыс, су және энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қолдап келеді», – деді Л. Прокопенко.

Сонымен қатар Л. Прокопенко сөз арасында Қазақстандағы мемлекеттермен ынтымақтастық құрудағы маңызды іс-шаралардың өтіп жатқанын тілге тиек етті.

«Жуырда «Видергебурт» неміс қоғамының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Раумен бірге Германия агротехникалық форумын ұйымдастырдық. Онда Германия өз тарапынан агротехника саласындағы өнім әзірлеу жаңа технологиясын таныстырды. Біз өз тарапымыздан бизнес қоғамдастығының және ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерін шақырдық. Екі елдің өкілдері арасында ауыл шаруашылығына қатысты технологияны енгізу бойынша қызықты диалог орнықты.

Аграрлық өндіріс – бұл Елбасы Жолдауының маңызды бөлігі. Осыған байланысты «Ауыл – ел бесігі» деп аталатын ауқымды бағдарлама әзірленіп жатыр. Оған Ассамблея да үлесін қоспақ. Бұл – біздің тарапымыздан Жолдаудың осы тұсына қосқалы жатқан алғашқы үлесіміз болмақ.

Осы себептен де Ғылыми-сарапшылық іс-шаралар барлық мемлекеттермен өзара қарым-қатынас орнатуға тиімділігін арттырады», – деді ол.

Кеңес барысында жастар мәселесіне айрықша мән берілді. Көптеген сарапшылардың пікірінше, ұлтаралық татулықтың іргесі берік қалануы үшін жастарға маңызды жобалармен қамтамасыз ету керек.

«Жаһандану интерграциясы жағдайында Өзбекстан жастарының бірегейлігін қалыптастыру мәселелері мен ерекшелігі баяндамасында «Аталған іс-шарадағы көтерілген барлық мәселелер маңызды. Мен де өз тарапымнан Орта Азияда маңыздылығы бар мәселені айта кетсем деймін. Бұл – жастар мәселесі.

Өзбекстанда жастар үлесі 14-31 жас аралығында 64 пайыз құрап отыр. Яғни, жиырма млн астам адам деген сөз. Мұндай үлкен контингент Қазақстан халқының санымен немесе Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан ұлтын қосқанмен бірдей.

Бір қарағанда өзбекстандық жастардың бірегейлігін зерттеу өте күрделі. Өйткені мұндай көрсеткішке қандай да бір зерттеу жүргізу қиындық туғызады. Алайда базалық феноменнің негізінде жастардың бірегейлігін қалыптастырудың үш әдісін қарастырдық. Бірінші, өзбек бірегейлігінің жалпы менталды мінездемесі. Екінші, мемлекеттік екі сатылы жастар саясаты. Үшінші, жаһандық интеграцияға сүйеніп, Өзбекстанның болашағын айқындайтын жалпы көріністі қалыптастыру.

Зерттеу барысында қазіргі заман жастары алдыңғы буыннан ерекшеленетіні байқалды. Олар тарихты білу, құндылыққа бейімділікте, ұлттық  менталды таптаурында айрықша көрінеді.

Сонымен қатар жастар мәселесі жөнінде білім беруді реформалауды қажет етті. Осыған сәйкес елімізде мәселені түбегейлі талдайтын мақалалар шыға бастады.

Дін мәселесі де ушығып тұрғанын айта кету керек. Зиялы жастар шетелге оқуға кетіп жатыр. Діни-экстермистік бағыт етек алуда.

Осының бәріне сараптама жасай келе, жуырда еліміздің Президенті айтылған мәселелерді көтеріп, ЖОО түсуді жеңілдету, білім сапасын жақсартуды айтқан болатын. Сонымен қатар ол экономиканы дамытуды жеделдету жағдайында білім беру жүйесін дамытуды тапсырды.

Бүгінгі баянадамамда Өзбек жастарының болашағына алаңдаушылық туғызып, еліміздегі күрделі мәселені шешуге жұмыстар жүргізіп жатқанымызды баяндап өттім. Табысты жастар мәселесін орнықтырудың жолындамыз. Жастар ұйымдарын құруға үлкен күш жұмсап отырмыз. Жастарға жайлы орта туғызатын инновация министрлігі құрылуда. ЖОО түсуге мүмкіндік беретін квотаны ұлғайту көзделіп отыр», - деді М. Улугбек атындағы Ұлттық университеттің логика және философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Шахноза Мадаева.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша жастар арасындағы этносаралық қатынастар мәселелерінде Қазақстан жастары арасында көп этностық және көп конфессиялық әлеуметтік ортадағы пікірлерін білу үшін сауалнама жасап, нәтижесінде жастардың басым көпшілігі қалыпты жағдайда қабылдайтынын атап айтты.  

Кеңес барысында сарапшылар пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Артынша кеңес отырысының Қарары қабылданды.

«ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК ҮРДIСТЕР МЕН ЭТНОМӘДЕНИ ДИАЛОГ» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша

ҚАРАР

Қазақстан халқы Ассамблеясының Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесінің қатысушылары бейбітшілік, келісім және жасампаздық идеалдарын міндетке алып, Орталық Азия елдерінің өңірлік бірегейлікті дамыту және мәдениаралық байланыстың тұрақты үлгісін қалыптастыру, өңірде көршілік тату ортаны қалыптастыру саласында жан-жақты байланысты күшейтуге жәрдемдесуге дайын екенін білдіріп, келесі міндеттерді анықтайды.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық-тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Орталық Азияның полимәдениетті қоғамының тұрақты және үдемелі дамуы үшін экономикалық және әлеуметтік негіздің маңыздылығы аталып көрсетіледі;

– Қазақстанның көпбағытты саясаты Орталық Азияның этномәдени байланысының тұрақты кепілі және гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі құралы ретінде саналады. Тиімді жұмыс атқаратын байланыс механизмдері ұлттық мәдениеттің перспективті даму бағыттарын қалыптастырады;

– өңір елдерінің стратегиялық дамуының бағыттары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы – тарихи құжатқа қол қойылғаннан бастап Қазақстанда Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде жеткізілген ынтымақтастыққа негізделеді. Бұл байланысты дамыту мен серіктестік мәселелерінде өзара байланыстың жаңа мүмкіндіктерін ашады;

– Орталық Азия байланысын кеңейтуде өңір елдері үшін маңызды «Бір жол – бір белдеу жобасы» болып табылады. Ұлы Жібек Жолының жаңа бағыттары қазіргі заман жағдайында мемлекеттерді, қауымдастықтарды біріктіреді, тарихи дәстүрлерді жаңғыртады, сонымен қатар мәдениетаралық, гуманитарлық байланыстарды дамытуға жаңа каналдар ашады;

– «Азия – Еуропа» Форумының Саммитінде Орталық Азия басты ойыншы ретінде алға шығады.                                                    Н. Ә. Назарбаевтың Брюсселде «Орталық Азия – бұл ерекше және әлі де әлеуеті толық жүзеге асырылмаған өңір. Оның тұрақты дамуы, тұрақтылығы мен өркендеуі – бұл біздің жалпы және жетістікке жететін міндетіміз» деген идеясын толық қолдаймыз;

– Сирия мәселесі бойынша Астана процесіне қолдау көрсетеміз. Адамдардың діни сезімдеріне қатысты шиеленістер қазіргі заманның гуманитарлық апаты. Сириядағы жағдай келіссөздер негізінде реттелу қажеттілігін белгілейміз;

– Қазақстанда Өзбекстан Жылдарын өткізу мәдениетаралық байланыстың даумына ерекше тыныс береді, бұл жалпы бағыттарды анықтау мен байланысты кеңейтуге әсер етіп, алдағы Өзбекстанда Қазақстан Жылдарының ынтымақтастығын күшейтеді.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сарапшыларының, сонымен қатар Еуропа елдерінің Орталық Азия елдері бойынша мамандарының этноәлеуметтік үрдістердің даму мәселелерінің барлық бағыттары бойынша пікірталастарға және этномәдени байланыстарға қатысуы, қорытынды отырыста әлеуеттің және қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Осының барлығы Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесінің сарапшылық алаңын дамыту бойынша бірнеше ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді: 

– Қазақстан халқы Ассамблеясының Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесінің негізінде Орталық Азия елдерінде жыл сайын этноконфессиялық жағдайдың сарапшылық бағамын жүргізу; 

– өңір халқының көші-қон мәселесінің жоғарылауы мен  негізгі көші-қон елдері мигранттарының бейімделуі және интеграциялану өзектілігіне байланысты этнодемографиялық үрдістерді зерттеу мен зерделеуге бастамалық ету;   

– Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының жастарға арналған жазғы мектептеріне Орталық Азия елдерінің жас көшбасшыларын тарту;  

Орталық-Азия өңірінің ғылыми-сарапшылық қауымдастығы байланысының маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаларына негізделген бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындығымызды белгілейміз.

Өңірлік бірегейлікті қалыптастыру мәселелері бойынша Орталық Азия елдері сарапшыларының одан әрі ынтымақтастығын дамытуға бағытталған отырысқа және  ұйымдастырушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Астана,

2018 ж. 30 қазаны

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу: