Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасары Шерзод Пулатов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директоры Жандос Болдыковпен кездесті.
Оның барысында қос тарап ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңеспен алдағы уақытта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөніндегі мәселелерді талқылады.
Жуық күндерде ҚХА мүшелері, ҚХА ҒСК мүшелері мен Елшіліктердің қатысуымен Қазақстан халқына байланысты сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған.
Оның негізгі қызметіне Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде сақталатын, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысы бар, сақталуын қамтамасыз ету және пайдалану болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорындағы жазба көздерді (көшірмелер, қолжазбалар мен кітаптарды) анықтап жинау және толықтыру кіреді.
Сонымен қатар мекеме мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының тарихи көздері, қолжазбалар және сирек кітаптарды (көшірмелер) жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және қалпына келтіру (реставрациялау), қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ретроспективті ақпаратты пайдалану болып табылады.
Меморандумға қол қойылған соң ҚХА ҒСК мүшелері көпұлтты мемлекетімізде тұрып жатқан халықтарға қатысты сирек қолжазбаларды зерттеп, ғылыми жұмыстарға қолдану аясын кеңейтетін болады.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.