ҚХА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР ТАРТУ ЕТТІ

7 Шілде 2019, 19:42 2977

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде екінші рет аталып отырған Домбыра күніне орай «Ұлттың саз байрағы – Домбыра» акциясын өткізді.


7 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпрофильді қалалық аурухананың перинаталды бөлімшесінде және «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері дәл осы айтулы күні дүниеге келген нәрестелерге ҚХА логотипі бейнеленген домбыраны тарту етті.


Бұл акция Қазақстанның жаңа туған азаматтары мен олардың ата-аналарына балаларын рухани қалыптастыру жолындағы маңызды бағдар болмақ.


ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Саттар Мажитов сәбилерін құшақтарына жаңа алған аналар мен білікті дәрігерлерге құттықтау тілегін білдіре отырып, ҚХА-ның сәбилерге жолдаған арнайы хатын тапсырды.


Өз кезегінде жас босанған аналар тәрбиелік мәні зор осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

Бөлісу: