ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

20 Желтоқсан 2018, 06:16 1785

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының форумында бизнес ұйымдармен ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер жасалды.

Форум жұмысы барысында ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы «Ғылым қоры» акционерлік қоғамымен, «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясымен, сондай-ақ Қазақстан қаптаушы қауымдастығымен өзара келісім мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжаттарға қол қою рәсіміне қауымдастықтың құрметті төрағасы, Ассамблея атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко, «Ғылым қорының» төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин, Коалиция төрағасы Салтанат Рахымбекова және Қазақстан орауыштарының қауымдастығының төрағасы Батырбек Әубәкіров қатысты.

Іс-шара аясында қазақ кескіндемесінің негізін қалаушы, Қазақстанның тұңғыш Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің шөбересі, жас нео-этнодизайнер Айсәнім Қастееваның еңбегі марапатталды. ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы оған 100 мың теңге көлемінде сертификат тапсырды. Форум аясында оның жұмыстары отандық тауар өндірушілер, қолөнершілер, Қауымдастық құрамына кіретін жастар стартаптары өнімдерінің көрмесінде ұсынылды.

Сонымен қатар Кәсіпкерлер қауымдастығының жаңа мүшелері қызметтік куәлік алды. Осылайша ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының қатарына төрағаның орынбасарлары Инна Горст, Жалғас Аманбаев, Сәкен Мейірбеков қосылды. Сондай-ақ салалық директорлары қауымдастыққа ресми түрде кірді: Владимир Розметов, Омар Шоназаров, Асемжан Сағиданова, Олег Цой, Абзал Мыңбаев, Виталий Тврионас, Джамбулат Таганиев, Юлия Кунст, Дмитрий Корепанов, Наталья Хан, Бахадыр Ерсметов.

 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: