ҚХА қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды

30 Тамыз 2019, 00:00 2634

Құрметті отандастар!

Сіздерді мәртебелі мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күнімен құттықтаймыз!

Конституция еліміздің құқықтық жүйесінің өзегі, үдемелі дамуымыздың берік іргетасына айналды. Ол мемлекеттілікті нығайтуда орасан зор рөл атқарып, демократиялық негіздердің мызғымастығын, адам құқықтары мен бостандықтарының міндеттерін орнықтырды.

Конституцияның арқасында қазақстандықтар мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен қайта өркендетудің жаңа мүмкіндіктерін алды. Ал оның «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деген кіріспесі әуел бастан-ақ, қай этносқа жататына қарамастан, республиканың барлық азаматтардың келісімі мен бірлігінің іргетасын қалады.

 Қымбатты отандастар!

Біздің міндетіміз – Ата заңда бекітілген жалпыұлттық құндылықтарды құрметтеу және сақтау, солардың негізінде орнықты, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру.

Біз барлық қазақстандықтардың жасампаз еңбегі Конституцияның әлеуетін бұрынғыдан да толығырақ іске асыруға мүмкіндік беретініне, азаматтардың лайықты өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайтынына сенімдіміз.

Осы айтулы мереке күні Сіздерге бейбіт күн мен жақсылық, бақыт және бақуаттылық, барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!

 Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бөлісу: