"Кеттің бе - қайырылма!": Сарапшылар Президенттің сұхбатын қолдады

8 Қаңтар, 14:13 1215

Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы Арман Ешмұратов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Президенттің «Кеттің бе – қайырылма!» деген сөзі қоғамда ашық дискуссия тудырғанын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатындағы «Кеттің бе – қайырылма!» деген сөзін қолдағым келеді. Оның алдында авторитарлық жүйе болды. Бізде ол қалыптасып қалды. Біз үлкен институционалды реформаға жатамыз. Жергілікті басқару жүйесін қалыптастырып жатырмыз. Алғашқы кезеңдері 2021 жылдан басталды. Әкімдердің сайлауы және басқасы болды. Содан кейін 2023 жылы арнайы жұмыстар бастап келе жатырмыз. Яғни қоғамдық кеңестер пайда болды. Оның ең маңыздысы неде? Қарапайым адамдарды  шешім қабылдау жүйесіне тарту. Француз методологы Мишель Фуко дискурс теориясында “Биліктің білімін” қоғамға тарату керек дегенді дұрыс деп санады. Міндетті түрде әр билік қоғамға білімді дискурс арқылы таратады. Бізде әлі күнге дейін үлкен дискурс таратылмай жатыр. Себебі көзқарас жоқ, - деді ол.

Арман Ешмұратовтың айтуынша, Қазақстанда институционалды жүйе қалыптасты. Сөзінше, қоғамда көзқарас қалыптастыру өте қиын жұмыс.  

Кез келген мемлекет өз елінде білім жүйесін қалыптастыру керек. Елді ұстап тұру үшін өзіндік білім жүйесін қоғамда қалыптастыру дұрыс жағдай. Реформалар даму үшін нақты көзқарасты қалыптастыру керек. Әрі тарихта дискурстың арқасында жеке тұлғаның портреті шығады. Қазіргі кезде бізде ең бастысы институционалды жүйе қалыптасты. Ол – өте қиын нәрсе.  Себебі көзқарасты қалыптастыру үшін оған көп уақыт кетеді. Ол жәй көзқарас емес, отандық құндылық. Сол себептен сарапшылардың алдына қойылған жұмыс қоғамдық дискурс қалыптастыру, - деді Арман Ешмұратов Президент сұхбатын талқылау барысында. 

Миражан Махан
Бөлісу: