10.09.2024
01:28
1120
«Керім, күштімін». Ерке Есмахан нағыз бақыттың не екенін түсінгенін айтты

«Керім, күштімін». Ерке Есмахан нағыз бақыттың не екенін түсінгенін айтты

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында нағыз бақытты қалай түсінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып-қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде, керім, күштімін, “осы менің бақытым” дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт – ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің пікірін қолдап, келісетіндерін атап өткен.