17.07.2025
10:36
4655
Керей ханды сомдаған актер қайтыс болды

Керей ханды сомдаған актер қайтыс болды

17 шілде күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті актер Қайрат Кемалов 69 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүкіл саналы ғұмырын театр саласына арнаған Қайрат Кемаловтың өнердегі мансабы Қарағандыда басталған. 

Шығармашылық жолында ол көрермендерге классикадан бастап заманауи қойылымдарға дейін жүздеген рөлдерді сыйлады. Ол шеберлігі, мамандыққа деген үлкен адалдығы арқасында отандық театр және кино тарихында терең із қалдырды.

Қайрат Кемаловтың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттері мен достарының, көрермендердің жүрегінде мәңгі қалады, - деп жазды әкім.

Айта кетейік, Қайрат Кемалов – театр және кино актері. Оның өнердегі жетістіктері халықаралық дәрежеде жоғары бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Ол түрлі тарихи образдарды сомдауда актерлік шеберлігімен көріне білді. Оны көпшілік «Қазақ хандығы» фильміндегі Керей ханның рөлі арқылы жақсы таниды.