Керекулік оқушылар жанармай брикеттерін жасаудың жаңа технологиясын ойлап тапты

15 Қазан 2021, 14:49 4770

 

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Бағжан Әлімхан мен Мариям Курумбаева макулатура қалдықтарынан жанармай брикеттерін жасаудың жаңа технологиясын жасап шығарды.

 

Жанармай брикеттерін жеке секторларда, су қыздырғыш қазандықтарда қолдануға болады. Бұл өз кезегінде экологияға кері әсерін азайтып, қалдықсыз өнімді дамытуға септігін тигізеді.

 

«Бұл жобаны жасауға біздің туған жеріміз Майкөбе ауылының экологиялық жағдайы түрткі болды. Себебі, ол жерде көмір өндіріледі. Соның кесірінен пайда болған терең карьерлер жергілікті ландшафтты бұзады. Екіншіден, көмір жылытылған кезде жанғыш газ бөлінеді. Улы заттармен өте қатты ластанған ауа көптеген тұрғындардың жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеледі. Үшіншіден, көмірді жағу кезінде зиянды газдар шығарудың тұрақты көзі болып табылатын күл қалады», дейді Бағжан Әлімжан.

 

Майкөбе ауылындағы күлдің көптігінен үйінді пайда болып, ол улы қалдықтардан тұратын тұтас тауға айналды. Бұл ауаның сапасына кері әсер тигізеді.

 

«Осы айтылғандарға сүйене отырып, біз осы бағытта жұмысты бастадық. «Органикалық қалдықтар мен макулатурадан отын брикеттерін өндіру» атты жобаны ұсындық. Оның мақсаты - қағаз бен жапырақтардан брикеттер өндірудің қарапайым, экономикалық тиімді және экологиялық таза технологиясын жасау. Оған макулатура қалдықтары мен күзгі жапырақтарды қолдану көзделген», дейді Мария Курумбаев.

 

Павлодарлық жас зерттеушілердің айтуынша, шикізат ретінде кепкен жапырақтар мен қағаз қалдықтары қолданылады. Алдымен, жапырақтар әбден кептірілген, ал макулатура ұсақталған болу керек. Павлодарлық зияткерлердің айтуынша, бұл шикізат қол жетімді, әрі қосымша тасымалдауды қажет етпейді. Қалалық жерде олар мол. Сондықтан, бұл материалдарды тиімді пайдалануға болады. Өйткені, жыл сайын жапырақтар мен қағаз қалдықтары екінші өңделмей, керексіз болып қалып жатады. Осылайша, кептірілген шикізатты қысу арқылы экологиялық жанармай брикеттерін жасап шығаруға болады.

«Брикеттер дайындау процесі маңызды микро процестерден тұрады: біріншіден, күзгі жапырақтар жиналады. Содан кейін жапырақтарды кептіріледі. (оңтайлы температура 40-60 градус Цельсий). Келесі кезең – жапырақтар мен қағаз қалдықтары қалдықтарын ұсақталады. Соңғы кезең - брикеттерді 60/40 параққа және сәйкесінше қағазға арнайы жабдыққа престеу. Ол үшін пайдаланушының физикалық күшімен жүзеге асады»,дейді павлодарлық жас зерттеушілер. 

 

Аталмыш технологияның ерекшелігі – органикалық қалдықтарды бастапқы материал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қалалардың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Айта кетерлігі, Павлодар NIS оқушылары Бағжан Әлімхан мен Мариям Курумбаеваның жобасы «Туған елге тағзым 2021» өлкетану ғылыми-зерттеу эскпедициясының номинанты атанды. Павлодарлық зерттеушілердің технологиясы – көптеген индустриалды аймақтардың экологиясын жақсартуға елеулі үлес қоса алады.

 

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: