Кентаудағы кафеде 92 адамның неден уланғаны белгілі болды

4 Шілде 2023, 11:55 1424

Кентауда 92 адам уланған фаст-фудтан дәмханасының қызметкерлерінен сальмонеллез бен стафилококк қоздырғышы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Дәмханадағы 2 қызметкерден – сальмонеллез, 6 қызметкерден стафилококк ауруының қоздырғыштары анықталды. Сонымен қатар үй ошағынан алынған 3 чикен өнімінен сальмонеллез табылған, - делінген Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінде.

Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев дәмханадағы астан уланып, ауруханаға түскен науқастардың барлығы жазылып, үйлеріне жіберілгенін жеткізді. Дегенмен, баршасы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, Кентау қаласында орналасқан фаст-фуд орталығында тамақтанған 92 адам уланып қалған еді

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: