Кентауда тамақтан уланғандар бойынша қылмыстық іс қозғалды

13 Қазан 2022, 13:25 946

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Кентау полициясына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен тұрғындардың жаппай уланып, ауруханаға түскені жайлы дерек келіп түскен, деп хабарлайды El.kz

Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен сараптама жүргізу үшін жұмыстар атқарылуда. Дәмхананың барлық тағам түрлері зерттеуге жіберілді.

Аталған тамақтану орнындағы қызметкерлердің бірқатарында медициналық кітапша болмай шықты. Қазіргі уақытта белгілі болғаны – Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында 98 тұрғын, ал үй жағдайында 70 адам ем қабылдауда.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу: