Кентау тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді

26 Желтоқсан 2022, 13:46 2079

Кентау тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде үйінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған Кентау қаласының тұрғынын анықтады. 

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер күдіктінің үйінде шұғыл тінту іс-шараларын жүргізіп, оның шаруа қожалығынан 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеді. Бүгінгі күні қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.


EL.KZ
Бөлісу: