Кеншілердің өліміне кім кінәлі? Халық Лакшми Митталды жазалауды талап етпек

30 Қазан 2023, 10:43 4684

Қазақстанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының инвесторы Лакшми Миттал мен менеджер Палаватха Кришнанды жазалауды талап ететін петиция басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Петиция авторы Самат Айдос президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған. Құжатта ер адам соңғы 15 жылда «АрселорМиттал Теміртау» нысандарында 100-ден астам адам қаза тапқанын көрсеткен. Оның үстіне әрбір екінші адам өлімі арнайы «Қазақ бөлімінде» тіркелген.

2016-2022 жылдары 18 апат орын алып, соның салдарынан 19 шахта қызметкері қаза тауып, тағы 45 қызметкер түрлі дәрежедегі жарақат алды. 2021-2022 жылдары "АМТ" АҚ кәсіпорындарында 4 апат тіркелді, бұл ретте 21 адам зардап шекті, 12 адам қаза тапты. Кеншілер басшылыққа жалақыны көтеру және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бірнеше рет айтқан, - деді ер адам.

Сондай-ақ, Самат Айдос компаниядағы еңбек жағдайларын тексеруге тиіс мемлекеттік органдардың қызметкерлері туралы еске салды. Оларды да қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді. 

Петиция  alash.online сайтында жарияланған.online. Қазір петицияны 95 адам қолдады.

Айта кетейік, 50 мыңнан аса дауыс жинаған петиция Үкімет деңгейінде қаралады. Мемлекет басшысы «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойды және онлайн петициялар институтын заңмен бекітті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: