Кеңес заманындағы кей мультфильмдер қазақ тіліне аударылады

6 Маусым, 14:00 540

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенаттың брифингінде Кеңес заманындағы мультфильмдерді қазақшалап экранға қайта шығаруға қатысты мәселенің министрлікте қаралатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қанат Ысқақовтың сөзінше, кейбір Совет дәуірінде шыққан мультфильмдер біздің адами, этикалық қағидаларымызға қайшы келмейді.

Мультфильмдерді аударуға мүмкіндік бар, қажет болса аударамыз. Оған аса үлкен қаражат кетпейді. Онсыз да шетелдік контентті аударып жүрміз, бұл қыруар ақшаны талап етпейді. Өзіміздің бекітілген бюджет аясында жүзеге асыруға дайынбыз, - деді вице-министр.

Ведомство өкілі бұл мультфильмдерді іріктеуден өткізіп барып қана аударамыз деп отыр.

Іріктейміз, барлығымыз талқылаймыз. Мүмкін қоғамдық кеңес өтеді. Бұл Совет дәуіріндегі анимациялық контент салт-дәстүрімізге, болмысымызға сай келетін болса ғана аударамыз, - деді Қанат Ысқақов.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: