Кене шаққанда не істеу керек?

11 Шілде 2023, 11:21 2207

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – қоздырғышы негізінен трансмиссивті механизммен берілетін табиғи-ошақты жұқпалы ауру. Аурудың тасымалдаушылары – кенелер, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кенелердің табиғи ошағы ұзақ уақытқа дейін сақталады. Ауру тіркелмеген жағдайда да, табиғи ошақтар сақталады, өйткені кенелер бұл инфекцияны трансфазалық, трансвариалды түрде таратады, яғни жұқтырған аналықтар жұқтырған ұрпақты туады, олардың барлығын бірден жою мүмкін емес. Осылайша адамдар қауіп-қатер аймағында қалады, - делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратында.

Ауру тек тістегеннен емес, сонымен қатар ауру жұқтырған кененің құрамымен байланыста болып, оны мыжыған кезде де тері арқылы жұғуы мүмкін. Бұл кезде аурудың көзі науқас адам да болуы мүмкін. Сондықтан медицина қызметкерлері осы ауру бойынша тәуекел тобына жатады. Тәуекел тобына ауыл шаруашылығында жануарлармен жұмыс істейтін барлық адамдар: сауыншылар, қой қырқуға қатысатын адамдар және басқалар жатады.

Ауру жазғы-күзгі кезеңде, наурыздан бастап қазанға дейін тіркеледі.

Оқи отырыңыз:

Клиникалық тұрғыда мынадай симптомдар болады: температураның жоғары мөлшерге дейін көтерілуі, жүрек айну, әлсіздік түріндегі улану синдромы. 

Геморрагиялық кезеңде қан кету дамиды, одан науқас өлуі мүмкін. Бұрын бұл ауру халық арасында «Көк-ала» деген атаумен белгілі болған, ол қазақ тілінен аударғанда «түрлі-түсті» дегенді білдіреді, бұл ауруға тән науқастың терісіндегі кең геморрагиялық көріністер болғандықтан осылай аталған.

Аурудың бастапқы кезеңінде айқын белгілердің болмауына байланысты диагноз қою қиын. Сондықтан кене шағып алған кезде медициналық көмекке жүгіну қажет. Инкубациялық кезең 14 күнге және медициналық бақылау да осы уақытқа созылады: бұл термометрия, дәрі-дәрмек қолдану, дәрігердің ұсынымдарын орындау. Медициналық көмекті жарақат таңу пункттерінен немесе емханалардағы хирургтардан алуға болады.

Кенені өздігінен алып тастағанда, оның бөліктерін қалдырмай, толығымен алып тастау керек, тістеген жерді антисептикпен өңдеп, медициналық ұйымға бару керек. 

Егер ауру пайда болса, уақтылы басталған ем-шара ауыр зардаптар мен өлімнің алдын алады. 

Денеге жабысқан кенені қалай алу керек?

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: