«Кемшілік біздің тараптан емес». Министр қазақ-қытай кеден статистикасының сәйкеспеуіне қатысты

6 Қыркүйек 2023, 13:18 938

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев не себепті әлі күнге дейін Қазақстан мен Қытай кеден статистикасы сәйкеспейтініне қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда «Кеден» деген жаңа ақпараттық жүйені әзірлеп жатырмыз. Жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Таяуда іске қосамыз. Қазақстан мен Қытай кеден көрсеткіштерінің айырмашылығы 50 пайызға дейінгі көрсеткішті көрсеткен. Соңғы жұмыстардың нәтижесінде бұл көрсеткіш 30 пайызға дейін азайған. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр. Қысқа уақытта бәрін аяқтау мүмкін емес. Бұзушылықтар біздің тараптан емес, Қытай тарапынан негізінен кетіп жатыр. Олармен әрдайым келіссөз жүргізілуде, - деді министр мәжіліс кулуарында.

Жүйені толыққанды цифрландыру үшін ресурс пен уақыт керек екенін айта кетті.

Миражан Махан
Бөлісу: