Журналист Айсұлтан Жақыпов шахтадағы апаттың салдарынан көз жұмған марқұм кенші Ақынжан Орақбаевтың соңғы видеосын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұм Ақынжан Орақбаевтың соңғы жүктеген видеосы. Соңында қызы қалды. Келіншегінің аяғы ауыр екен... Марқұмның жаны жәннатта шалқысын!»,- деп жазды журналист.
Желі қолданушылары кеншінің жақындарына көңіл айтты.
«Қыршын жас! Талантты жас! Қандай ауыр өкініш! Бұл жоғалтулардың соңы болсыншы! Ақынжанның иманы саламат болсын!» деп көңіл айтып жатты қолданушылары.