«Келінді жоғары шығарыппыз». Гүлзира Айдарбекова жан сырын ақтарды

24 Қараша 2023, 15:45 11179

Продюсер Гүлзира Айдарбекова "MOM’skий әңгіме" бағдарламасында көпшілікке жан сырын ақтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол жолдасы екеуі балаға көп ұырысып, келінді жақтағандарын айтады.

Бізде қателік көп болды. Келінге "Қатты ұста", "Жіберме", "Келіспей қой" дейміз. Кез келген жерде баланы сәл төмен ұстап, келінді жоғары шығарыппыз. Негізі келін жақтырса да, жақтырмаса да "Жолдасың біледі", "Күйеуіңнен сұран" деу керектігін аналардың есіне саламын. Балаң жібермей тұрған жерге "Жоқ, балам. Барсын" демеу керек екен, – дейді ол.

Продюссер келінмен мәмілеге келу үшін баланы аяққа салудың қажеті жоғын айтады.

Біз "Келін жылап қалмасыншы", "Балам келмей қалды", "Келін жылап шай бермесінші" дейміз. Баламызды көп –қысамыз. Оны негізі келіннің өзі істеуі керек екен. Біз сол жағынан қате жібердік. "Сенікі дұрыс емес" деп баламызды баса беріппіз, - деді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар Қайрат Нұртастың анасы келіндеріне қоятын міні жоқ екенін жеткізді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: