Келесі жылы «Наурыз» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

10 Желтоқсан, 12:54 342

Отбасы банктің басты мақсатының бірі – салымшыларды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, 2025 жылы «Наурыз» бағдарламасы бойынша 300 млрд теңге беру жоспарланып отыр.

Біріншісі – көптеген сатып алушылар тұрғын үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарына шығын көбейіп кетеді. Сондықтан банк тұрғын үй құрылыс компанияларының қауымластығымен бірқатар кездесу өткізді. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды, ал сатып алушылар порталдағы пәтерді 10 пайызды салу арқылы алуға келісім береді. Бұл 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі, - деді Ибрагимова.

Ол жоспар бойынша алдыңғы жылдың бірінші тоқсанында банк 45 млрд теңге қайтарымды сома жаңадан берілетінін айтты.

2025 жылдың екінші тоқсанына бастап тұрғын үйді пайдалануға беруді есепке ала отырып, 80 млрд теңгеге сұраныс бар. Республикалық бюджетті қарастыру кезінде аталған соманы кезекте тұрғандарға беруді ұсынамыз. 2024 жылдың басқа бағдарламасы "Наурыз" және "Отау" болды. Аталған бағдарламалар қатарынан қосылғандықтан, нарықта тұрғын үй бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін баспана маркет порталы бойынша брондау қолға алынды. Құрылысшылар осы порталға өз пәтерлерін қойғанда 12 ай бойы пәтер бағасын өсірмеуі тиіс. Қазіргі таңда 921 нысаннан тұратын 19 мыңға жуық пәтер бар, - деді банк басшысы.

Сонымен қатар келесі жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитінде 2 млн теңге болуы керек.

Бұл бағдарламаларды жүзеге асыруды тездетеді, - деді Ләззат Ибрагимова.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: