- Келер жылдан бастап ҰБТ тапсыратын талапкерлерге "Қазақстан тарихы" пәні бойынша 5 тест тапсырмасы қосалады. Осылайша, 2023 жылы мектеп бітірушілер аталған пәннен 20 тапсырма орындайды, - делінген хабарламада.
Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, келесі жылы бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін қысқарады. Ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар 8-ден 6-ға дейін азаяды.