Келесі жылы бизнесмендер жеке мүліктерін жариялауы керек

13 Желтоқсан 2023, 17:25 833

2024 жылы тапсырушылар тізіміне жеке кәсіпкерлер, кәсіпті басқарып отырған бірінші басшылар, құрылтайшылар, заңды тұлғалардың қатысушылары кіріп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріс декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары – шамамен 580 мың жеке тұлға тапсырған. Екінші кезеңде квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары мүлкінің есебін ұсынды, шамамен 2,1 миллион адамды құрады. Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлердің басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) тапсырады, - дейді ол.

Шамамен 3,9 миллион адам тапсырады деп жоспарланған.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың басқа санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және тағы басқа) тапсыратын болады. Бұл – 6,9 миллион адам, - деді Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.

2025 жылы 13 миллионнан астам жеке тұлғаны қамту жоспарлануда.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: