Келесі жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

7 Қазан, 14:25 438

Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, нормативтік құқықтық акт «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»ҚР Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.

Үкімет қаулысының жобасына сәйкес 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады, - делінген мәліметте. 

Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: