Қазақстанда 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектері (ПМД) қайта есептеліп, орта есеппен 10%-ға көтерілетіні белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) таратты. Жаңа көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық болжамдарға және республикалық бюджет параметрлеріне сәйкес анықталған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ПМД қалай есептелді?
БЖЗҚ мәлімдегендей, есептеу 2026 жылға арналған төмендегі негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып жүргізілген:
ПМД бұл зейнетақы жинағының адам зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлем алуын қамтамасыз ететін минималды қалдық сомасы. Яғни, азамат өз жинақтарын тұрғын үй немесе емделу мақсатында алғаннан кейін шотында дәл осы мөлшер міндетті түрде қалады.
2026 жылға арналған жаңа жеткіліктілік шектері де бекітілді.
БЖЗҚ әр жас санаты бойынша есептелген ПМД мәндерін жариялады. 2026 жылға арналған негізгі шектер төмендегідей:
Осыдан түсінуге болады: жинағын алғысы келетін азаматтар үшін шоттағы қалдық сома жас ұлғайған сайын өсіп отырады.
Экономистердің айтуынша, ПМД-ның өсуі тұрғын үй нарығына да әсер етуі мүмкін. Себебі соңғы жылдары зейнетақы жинағын шешіп алу жылжымайтын мүлік бағасының өсуін жылдамдатқан факторлардың бірі саналады. ПМД-ның артуы бұл процесті бәсеңдетуі ықтимал.
2021 жылдан бері қазақстандықтар зейнетақы жинағын:
пайдалана алады. Алайда соңғы айларда стоматология мен офтальмология қызметтеріне рұқсат шектелді, себебі АФМ дерегінше, азаматтар 200 млрд теңгеден астам қаржыны жалған медициналық құжаттар арқылы шығарып алған.