«Кедергісіз келешек». Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы бойынша бақылау жасалды

22 Тамыз, 22:16 314

«AMANAT» партиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жобаның мақсаты – еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың жұмысқа тұруына көмектесу және кедергісіз орта қалыптастыру.

Бүгін партияның Қызылорда қалалық филиалы жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ еңбек ұжымдарында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастырудың 2-4% квотасының сақталуын қадағалау, сондай-ақ оларды себепсіз жұмыстан шығару жағдайларының алдын алуды түсіндіру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аталған заңнама негізінде зерделеу тобы облыс әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы «Қызылорда облысы 2024 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталарды белгілеу туралы Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің» «№253 орта мектебі» КММ -не «Электрик» штаты бойынша жұмысқа орналасқан  азаматпен кездесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады.

Бүгінде жұмыс қарқыны жақсы. Ешқандай мәселе жоқ. Аталған заңнама аясында жұмысқа орналастым. Жалақымыз уақытылы, өз жұмысыма көңілім толады, - дейді ІІІ топ мүгедегі Болат Жақсылықов. 

Жалпы, ағымдағы жылы Қызылорда қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі, жұмысқа қабілетті деп танылған 29 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған. Қазіргі таңда тиісті меже бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Партия тарапынан мұндай зерделеу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Зарина Арман
Бөлісу: