Маңғыстау облысында "ҚазАзот" АҚ өндірісінде техникалық апат болды. Оқиға орнында 4 адам зардап шегіп, барлығына барлығына термиялық күйік диагнозы қойылды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зардап шеккендердің 2-і жансақтау бөліміне, қалған 2-і травмотологиялық бөлімге жатқызылды. Оларға көмек көрсету үшін Қазақстанның бас реаниматологы мен күйік жарақаттары бойынша жетекші мамандар шақыртылды.
Облыс әкімдігі зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы бір қалыпты екенін атап өтті. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай облыс басшылығының бақылауында.
Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, кәсіпорын жұмысшылары отпен жұмыс істеу жұмыстарын тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдемей орындаған. Жабық кеңістікте отпен жұмыс жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы оқиғаға себеп болуы мүмкін. Анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.
Аталған жайтбойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық іс қозғалды.
Компания тарапынан запдап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі.