Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі түрк таңбаларының мазмұны

12 Наурыз 2018, 18:00 7902

Рулық таңбалардың түрлі ескерткіштермен бірге кезігуі Шу өзені аңғарындағы мемориалды кешендерге этномәдени интерпретация жасау мәселелерін шешуде аса пайдалы болған

Салыстырмалы талдаулар нәтижесі көрсеткеніндей, Мерке ғибадатханасындағы ер және әйел мүсіндері бар қорғанды құрылымдар, шұңқыры бар алтарьлар, руникалық жазулар, дәл сондай Жайсан ғибадатханасындағы жартас өнер туындыларынан өзіндік мазмұнымен ерекшеленеді. Сондықтан да, Мерке ғибадатханасындағы храмдарда ғұрыпты өткізуші байырғы халықтардың дүниетанымы, Жайсан ғибадатханасын құрған халықтардың идеологисынан ерекше болды. 

Жайсан ғибадатханасындағы ескерткіштер құрамындағы таңбалар стелаларда, тас мүсіндер мен петроглифтермен бірге тіркелген. Жайсан ғибадатханасындағы таңбалар стелаларда, тас мүсіндерде және жартастағы петроглифтермен бірге суреттелген. Рулық таңбалардың түрлі ескерткіштермен бірге кезігуі Шу өзені аңғарындағы мемориалды кешендерге этномәдени интерпретация жасау мәселелерін шешуде аса пайдалы болған. Жайсан ғибадатханасының жартастарындағы рулық таңбалар «белгілі бір әулеттің, малмүлік пен жер-су аймақтарының меншікті белгісі ретінде ...», сондай-ақ жеке адамдардың немесе бір топ руластардың әр түрлі келісім-шарттарында, ант беруде, діни рәсімдерде арнайы шараларға қатысы бар екендігінде де қолданылған. Таңбалар сыртқа көрсету, ұсыну үшінде қолданылған. Таңбалар: «культтік нысандар мен эпитрафиялық компоненттерді» белгілеу қызметін атқаруымен бірге, адам есімін алмастырушы (екінші лақап аты) немесе қол таңбасы ретінде қолданылған болуы керек. Егер солай болған жағдайда түрк теңгелерінде жиі кездесетін ұқсас таңбалардың мағынасы түсінікті болады. Жайсан жартастарына салынған таңбалардың ұқсас үлгілері көне түрк монеталарында кездесуі «таңбаның билік түсінігімен байланыстылығын» куәландырады.

Жартастарға ромб тәрізді салпыншақтар үш жерде бедерленген, бір тас плитадағы ромб тәрізді таңбаның жанында дөңгелек пішінді таңба қашалып жазылған және екі таңба да салпыншақта бейнеленген. Жайсан ғибадатханасы аумағындағы Үңгірлі, Қасқырсай, Жиделісай шатқалдарында онға жуық таңба анықталған. Әдеттегідей, таңбалар шығысқа, оңтүстік-шығыс пен оңтүстікке бағытталған күннің қызуымен қақталған бос алаңқайларға қашалған. Жартастарға қашалған ромб тәрізді салпыншақтар үш түрлі жағдайда тіркелген. Қасқырсай жеріндегі жартас суреттері шоғырындағы бір плитада ромб тәрізді таңбаның жанына шеңбер тәрізді таңба қашалған. Екі таңба да салпыншақта көрсетілген. Екі таңба да бір жазықтықта бір-біріне жақын қашалған. Таңбалардың бірдей күннің сәулесінен өзгеру деңгейі, жасалу хронологиясын мерзімдеуге мүмкіндік береді. Осы сайдың аумағындағы жартаста оңтүстік-батысқа қарай 0,5 км жерде орналасқан таңбалардың шоғырында үшінші ромб тәрізді таңба қашалған. Сипатталып отырған таңбалы салпыншақта дөңгелек көлденең қысқа екі сызықшалар салынған. 

Тұмар секілді салпыншақтардың ұқсас үлгілері  Жайсан ғибадатханасындағы Аламан 3 ғұрыптық құрылымдық  ескерткішіндегі 3 мүсінде және Теректі 1 және 2 ескерткіштер тобындағы мүсіндерде бейнеленген. Сонымен қатар, мұндай салпыншақтардың ұқсас үлгілері ғибадатхана мүсіндерінде бейнеленген және бұл Жетісу түрктері туралы ғылыми әдебиеттерден белгілі. Бұдан басқа әшекей түріндегі бұл белгі бойтұмар ретінде қызмет атқаратын киелі сипатқа да ие. Шу өзені аңғарының Кегеті жеріндегі үш мүйізді тас мүсіннің кеуде тұсында бейнеленген ромб тәрізді белгі, түрк мүсіндері мен жартастарда қашалған ромб тәрізді таңбалар мен амулеттердің киелі белгісі болуы мүмкін деген болжамды қуаттай түседі. VII – VIII ғасырларда Шаш оазисінен табылған монеталарда салпыншақтағы ромб тәрізді белгілер түйе бейнесімен және «Құтты, қасиетті қаған» деген жазумен қоса берілген.

Негізі міндетті түрде үшбұрыш, ромб не қосымша сызықшалы дөңгелек болып келетін салпыншақты бейнелері бар сипатталып отырған, жиегі әшекейлік түріндегі салпыншақ таңбаларды талдау культтік ескерткіштердегі, жартасқа салынған суреттердегі және монеталардағы мұндай белгілердің мазмұнында үлкен мағына жатқандығын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл таңбалардың жекелеген Жайсан тас мүсіндері мен басқа да тас мүсін үлгілерінде және Қырғызстан территориясындағы үш мүйізді тас мүсіндердің кеуде тұсында бейнеленген белгілермен ұқсас екендігін ескере отырып, олардың тұмар ретінде қызмет атқарғандығын айқындауға болады. Алайда, теңгелерде таңбалардың ұқсас белгілерінің кездесуі сипатталып отырған салпыншақтардағы таңбалардың түрктік ғұрыптың культтік жоралғы шеңберінен шыққандығын көрсетеді. Ұсынылған жұмыстың мазмұны аясында сипатталып отырған әртүрлі заттарда белгіленген белгінің кеңінен таралуы қызығушылық тудырады. Екінші жағынан, бұл факті түрк көшпелілерінің дәстүрлі қоғамының дүниетанымдық негіздерінде және монета материалдарында көрініс тапқан әдеттегі құқықты реттейтін ережелерімен тығыз қарым-қатынасының дәлелі болып табылады. Анықталған байланыстар түрк көшпелілерінің дәстүрлі қоғамының ажырамас және біртұтас құндылықтары туралы ойды тағы бір нақтылауға мүмкіндік береді. Жартастар да, ескерткіштер мен монеталарда бейнеленген тұмар тәрізді таңбалардың мазмұнын талдау барысында түрктерде сиқырлы тастардың болғандығы жайлы болжамды сюжетті көруге болады. Оғыздардың шығу тегі туралы аңыздардың бір нұсқасында Табари былай деп жазады: «тас мойнында тағулы болды» және «түрктер мен Яфес балалары арасындағы дұшпандыққа сол тас және тасты айлакерлікпен иемденген Гуздың әділетсіздігі себеп болды». Түрк тайпаларының арасындағы алауыздыққа жады тастың таласы себеп болған деген бір нұсқа жазба деректерде де жазылды. Көптеген жазба деректерде кездесіп отыратын сиқырлы тас туралы деректер ата мекенді сипаттайтын тас, қасиетті тау үңгірі және тау культтерінің көрінісі болуы мүмкін. Демек, сиқырлы қасиеті бар тасты иемдену түрк тайпалары арасындағы дұшпандыққа себеп болатындай, түрктердің қасиетті жеріне иелік ету құқығын көрсетеді. Олай болған жағдайда, магиялық күші бар тасты иемдену (түрк тайпаларының арасындағы соғыстар есебінен) түрктердің киелі жеріне ие болатын құқыққа ие болуын көрсетеді. Салпыншақтарда бейнеленген ромб тәрізді таңба дәстүрлі дүниетанымда түрк жерінің бейнесін сомдайды және мұндай белгілердің түргеш монеталарында кездесуі сипатталып отырған символдың мазмұнымен сәйкес келеді. Түрк мемлекетінің ақша номиналындағы таңба ретінде қабылданған салпыншақ формасындағы сурет мазмұнының мағынасы түрк жеріне иелік етушілерге тиесілі деген шынайы ақпаратты жоққа шығаруға болмайды. Қазақ этнографиясында бүгінгі күнге дейін ромб тәрізді тұмар таңбалардың функционалдық мағынада киелі Жайсан ғибадатханасының шекарасын белгілеу үшін қызмет еткен болуы мүмкін. Екіншіден, аталған пішінді таңбалардың VII-VIII ғғ. Оңтүстік Қазақстан монеталарында кездесуі билік орталығы Шу өзені бассейнімен шектескен түрк халықтары дамуының белгілі бір кезеңінің этномәдени эталондарының тобын анықтауға мүмкіндік береді. 

Жиделісай шатқалындағы жартас суреттері шоғырының екінші тобынан оң жақ ұшынан екі тік жарты доға шығатын, көлденең баған пішіндес таңба анықталды. Сол жаққа керілген жебелі садақты еске түсіретін таңба түгелдей соғу техникасымен орындалған. Үшінші топтың оңтүстік экспозициясындағы жартасқа түгелдей соғу техникасымен орындалған латын алфавитіндегі «L» әрпіне ұқсас таңба соғылған. Сипатталып отырған таңба екі жағдайда кездеседі. Төртінші топта оң жақ ұшынан екі тік жарты доға шығатын көлденең баған пішіндес таңба табылған. Мұндай таңбалар оң жаққа керілген жебелі садақ пішінін еске түсіреді. 3-топта жартастағы петроглифтер арасына шеңбер формалы оралған және ұшы аздап жоғары көтерілген тік баған пішіндес таңба қашалған. 

Жайсан 6 кешенінің қоршауындағы стелада және Жайсан 14 кешенінің қоршауындағы ер адамның тас мүсінінде бейнеленген таңбалармен байланысты. Бұл типологиялық белгілері бірдей – шеңбер пішінді таңбалар. Бірінші жағдайда таңба Жайсан 14 кешеніндегі 1-мүсіннің басының артқы оң жақ бөлігіне түсірілген және Жайсан 6 мемориалының 2-қоршауындағы стеланың солтүстік қапталының жиегіне түсірілген. Бірінші жағдайда мүсіннің басының артқы оң жақ бөлігіне салынған. Бұл белгінің семантикасы сөз жоқ күн культімен байланысты. Суреттелген таңбаны Ұлы Жүздің Дулат руының рулық белгісімен салыстыру жақсы нәтиже беруі мүмкін. Дулаттардың өздері өз таңбаларын екі нұсқада берген. Бірі дөңгелек, бірақ халық дәстүрінде Күн таңбалы Дулат деген ұғым қалыптасқан ұғым бар және осы күнге дейін Дулат руынан тарайтын Ботбайлар Шу өзені алқабында, Жайсан ғибадатханасының территориясындағы рулық жерді мекендеп отыр. Сондай – ақ, олар қазіргі заманғы этнографияға дейін негізін Жайсан ғибадатханасындағы жартастарда дөңгеле бейнелер құрайтын таңбаларды қашап салған. Талас өзені аңғарының Қаратау бөктеріндегі жартас беттерінде рулықтаңба үлгілерінің тұтастай сериясы 2000 жылғы далалық экспедициясы барысында тіркелген. Олар, әртүрлі нұсқадағы шеңбер немесе сап тәрізді қосымша сызықтармен суреттелген. Негізін дөңгелек етіп бейнеленген таңбаны үйсіндердің рулық белгісімен теңестіруге болады. Ұлы жүз қазақтары ауыз әдебиеті үлгілерінде өздерін ежелгі үйсіндердің ұрпақтарымыз деп санайды, ал кейбір деректерде Ұлы орданың да олардың ежелден бүгінге дейін мекен еткен аймағы деп көрсетіледі. Ұлы жүз тайпаларының таңбаларына талдау жасау барысында, олардың таңбаларының күн культінің мағынасын білдіретін шеңбер тәрізді негізде жасалғандығын байқауға болады. Әртүрлі нұсқадағы шеңбер тәрізді таңбалар, Албан (күн таңба), Суан (күн таңба), Сары үйсін (Абақ, Шөміш), Дулат (Абақ, Дөңгелек) – Сиқым (күн таңба), Жаныс (күн таңба), Ботпай (күн таңба) руларында да кездеседі. Шеңбер формалы үлгілері Кіші жүз руларының ішінде шежірелік жағынан тамыры тереңде тоғысатын кердері, рамадан және табын руларының таңбасында бейнеленген. Зерттеушілердің пікірінше, рамадандардың әскери ұрандарының «дулат» аталуы және рулық таңбаларының да ұқсас болып келуі, бұл рудың Ұлы жүздерден тарайтындығы тағы бір дәлел бола алады. Жайсан ғибадатханасы материалдарында жоғары жағы бүгілген доға пішіндес болып келетін басқа да таңба түрлері кездеседі. Мұндай таңбалар Қырғызстан территориясының бірнеше жерінде, ортағасырлық жартастардағы суреттер мен көне түрк руникалық жазуларының бір бөлігінде табылған. Зерттеушілердің айтуынша, руникалық жазба мәтіндерде үнемі қайталанып отыратын он ок будун/он оқ халқы сөзінің аудармасы және сол тайпа өкілдері қалдырған бірегей таңбалар типі, атлмыш белгінің этномәдени тегін белгілеуге мүмкіндік береді. Сипатталып отырған таңбаның тек айна қалпындағы және қосымша сызықшалы немесе ішкі жағы дөңес доға пішіндес формалары жазуы бар монеталарда бірнеше рет кездеседі. Шаш оазисінің нумизматикалық коллекцияларынан табылған монеталардың көпшілігінде «қаған», «тегін», «елтебер» деген титульдар жазылған. Он оқ тайпалық бірлестігінен шыққан «тегін» титулын иемденген әулет үстемдік етті деп болжайды.

Кочкор аңғарының жаңа ескерткіштерімен мазмұндас, бірнеше рет қайталанатын руникалық жазбалар "Орт«лық Азия көшпелі халаықтарының ортағасырлық жартасқа бейнелеу қызметіне тән белгілерін сипаттайды және б.з. VIII ғасырдағы түргештердің билік құрған кезеңіне жатады. С.Г. Кляшторныйдың Талас жазба ескерткіштерімен танымал болған Кочкор аңғарының жаңа ескерткіштеріне салыстырмалы талдау жасауы, олардың біріншісінің екіншісінен айырмашылықтары қызметтік мағынасында және руникалық жазулардың жаңадан ашылуы «көшпелілердің өз руының әдеттегі заңды ескерткіштерінің бірі болып табылады» деген ерекшеліктерді айқындауына мүмкіндік берді. Кочкорлық жазбаларда «Ярыш» деп аталынған белгілі бір территорияны пайдалану құқығы сипатталып отырған жазулармен, таңбалармен бекітілген. Бұл таңбалардың ұқсас үлгілері Жайсан ғибадатханасындағы жартастарда доғал формада бейнеленген. Зерттеуші, «Ярыш жазығына түргештерден он түмен әскер жиналады» деген жазбаға ескерткіштерден белгілі болған әскери одақтасу қарсаңында Тоныкөктің барлаушы енгізгендігі туралы мәтінді келтіреді. Көшпелі түрктердің дәстүрлі құқығында қорғалатын жердің жазба, таңба, жартастардағы сурретмен белгіленуі жер меншіктеу нормаларының бір формасын білдіреді және Жайсан жартастарындағы таңбалар мұны куәландырады. 

Қазақтардың дәстүрлі этнографиясындағы осыған ұқсас таңбалар қара – кесек руларының өкілдеріне сақталған. Айшық формасында кездесетін таңбаның бір нұсқасы ғана тіркелген, бірақ иілген ұштары сызықтарының қиылысады. Қырғыздардың дәстүрлі этнографиясында осы таңбалардың ұқсас үлгілері адигине, барғы, мунгуш руларында жағамай деген атаумен белгілі. Жоғарыда сипатталып отырған «жағалмай таңбасы (жағалмай – құс атауы) «бөрі таңбасы» деп аталынған». Үлгісі жағынан ұқсас мұндай таңбалар Уранхай мал шаруашылығында «төре таңбасы» деген атаумен белгілі. Таңбаның үлгісі «төрт бұрышты крест тәрізді, бұрыштары оң жаққа иілген бақыт құсы үлгісінде» бейнеленген. Зерттеуші қасиетті құс бейнесіндегі таңбаның тотемдік шығу тегіне назар аударады. Хакастардың дүниетанымы бойынша, бұл қасиетті құс хакастардың арғы бабаларын аман сақтап қалған , сөйтіп сол руға бүркіт атауы беріліп, бүркіт таңбасымен жылқыларына таңбаланған. Осыған ұқсас таңбалар көне түрк монеталарының беткі жағында, қаған бейнесінің жанында орналасқан. Монетаның екінші бетінде «айыр тәрізді» белгі мен соғды тіліндегі «Шаш билеушісінің сары монетасы» деген жазуы бар. Монеталарда қаған бейнесінің суреттелуі тұрғысынан, Орталық Азиядағы түрк дәуірінің тас мүсіндері мен біз қарастырып отырған Жайсан ғибадатханасындағы тас мүсіндердің стильдік ұқсастығын атап өткен жөн. Төртінші топта оң жақ ұшынан екі тік жарты доға шығатын көлденең баған пішіндес таңба табылған. Мұндай таңбалар оң жаққа керілген жебелі садақ пішінін еске түсіреді. 3 – топта жартастағы петроглифтер арасына шеңбер формалы оралған және ұшы аздап жоғары көтерілген тік баған пішіндес таңба қашалған. Керілген садақ пішінді таңбалар (туған ай тәрізді) монеталарда бейнеленген және дәл осындай таңба қырғыздардың азык бұғы («бұғы») – жақ – таңба) тайпаларында да болған. В.Я. Бутанаевтың пікірінше, садақ және жебе түріндегі  таңбалардың бастауы енесейлік қырғыздардан шыққан, кейіннен төре таңбасы деген атаумен XVIII – XIX ғғ. Хакасия территориясында сақталған және кейінгі кездердегі арнайы құжаттарда сақталған. Жебе түріндегі таңба үлгісі Батыс Қазақстанның стелалары мен құлпытастарында кездеседі. Қазақ руларының таңбалық тәжірибесінде сипатталып отырған таңба үлгісі адай руында сақталған. В. Востров пен С. Мукановтардың зерттеулері бойынша, адай руының тарихи проекциясының Меотиданы мекендеген дайлармен жүзеге асырылған болуы мүмкін. Олар дәл сондай атаумен Батыс Түрк қағанатының тайпалық бірлестігінде, кейіннен оғыз тайпаларының құрамында болған, Маңғышлақты IX – X ғасырларда мекендеген екен. Мерке және Жайсан ғибадатханаларындағы тас мүсіндерге қашалған таңбалармен бірге жүретін жартас өнер туындыларының орта ғасыр кезеңіндегі Шу өзені аңғарының кеңістігін қоныстанған түрктердің мазмұны бір мәдени кешендерінің әртүрлі бөліктерін көрсететіндігі дереккөздерді талдау барысында анықталған. Жартас өнер туындыларындағы мүсіндеу дәстүрінің бастауы бір болғанымен, талдау қорытындысы ортағасырлық петроглифтердегі, жекелеген сахналар мен сюжеттердегі жартас суреттерінің ерте дәуірге жататындығымен ерекшеленетіндігін куәландырған. Мерке және Жайсан ғибадатханаларының окшауланған аймақтарындағы жартастарда дөңгелек бейнесі кездеспейді, әртүрлі антропоморфты және фантастикалық жануарлар, құдайлар бейнесі мен көптеген басқа да сюжеттер ерте дәуірлерге жатады. Жартас өнерінің тақырыбы мен көрінісінің өзгеріске ұшырауы, түрк халықтарының этномәдени ортасындағы дәстүрлі дүниетанымының өзгеріске ұшырауымен байланысты болуы мүмкін. Ортағасырлық түрктердің дәстүрлі культтік кешенінде ерте дәуірлік жартастарда бейнеленген антропоморфты кейіпкерлердің культтік қызметін атқарушы орнын «үш мүйізді» бас киім үлгісі бар ескерткіштер алмастырады. Жартас суреттері бар ғұрыптық алаңдарға жақын жерде ата-бабалардың кие тұтқан көптеген мүсіндерінде адамдарды мінсіз бейнелеу үшін түрлі ғұрыптарды өткізу үдерісіне әлемнің жоғары күш өкілдері, аталар аруағы және күнтізбелік мерекелер мен қоғам өмірінің басқа да іс-шараларымен байланысты жиындар белсенді қатыстырылған.

Түрктердің киелі территориясындағы қорықтық аймақтарының құрылымдық элементтерін құраушы тас мүсінді құрылыстар, жерлеу құрылыстары, руникалық жазба ескерткіштер мен рулық таңбалар салынған жартас өнер туындылары барлық жерде культтік нысандармен қатарласа жүреді. Қасиетті мекендерді, киелі мүсіндерді және монеталарды ру-тайпалық таңбалармен белгілеу түрктердің дәстүрлі тәжірибесінде мемлекеттік деңгейдегі нормалау актісінің әрекеттілігін білдіргенін, көшпелілердің әдеттегі құқығына сәйкес келгенін және сыртқа ұсыну үшін көрсетілгенін айтпасқа болмайды. Зерттеу тәжірибесі көрсеткендей, ғибадатхананың мәдени кешендеріндегі дәстүрлі ғұрыптардың түрлі бөліктері әртүрлі бірліктерде ұсынылған, алайда тұтасымен барлығы түрк қоғамының бірыңғай дүниетанымдық концепциясына бағынған. Айтылған тезистің ақиқаттық деңгейін бағалау зерттеу процесі барысында мүмкін болған. Жайсан ғибадатханасының культтік құрылымын шығыс түрктердің мәдени форматтарына сәйкес қабылданған ғұрыптық қоршауларды шығыс жағына орнатылған тас мүсіндер құрайды. Алайда, көсем орналасқан қоршаудың жанындағы көршілес жебе табылған қоршауда әйел тас мүсіні орналасқан. Мұндай ескерткіштер жекелеген түрде кездеседі. Әйел тас мүсіндері түрктердің құрметіне орнатылған Алтайдағы және Тувадағы құрылыстардан кездеспейді. Бұл ескерткіштер, сонымен бірге, көршілес Қырғыз жерінде аз кездеседі. Жайсан даласындағы тас мүсінді ғұрыптық құрылыстардың ерекшелігі, шығыс түрктер мекендеген ареалдары бойынша бірде-бір ескерткіштерде бағана/балбалдардың кездеспеуінде. Жайсан 26-дағы материалдарынан белгілі болған, жоғары дәрежелі культтік қызмет атқаратын кейіпкерлерді бейнелейтін «үш мүйізді» бас киім үлгісі бар мүсіндер Алтайдағы Күдірге қорымын қоспағанда, тек қазақ даласы мен Қырғызстан территориясындағы батыс түрктердің оқшауланған аумағында кең таралған. Жайсан жартастары салпыншақта көрсетілген ромб тәрізді таңбалармен белгіленген. Дәл осы формадағы белгі-таңбалар Жетісу мен Қырғызстан территориясындағы тас мүсіндерінің кеуделерінде бейнеленген. Жайсан ғибадатханасының көп деңгейлі мәдени кешеніндегі әртүрлі ескерткіштерде өзінің мән мағынасы көрініс тапқан көптеген культтік және мемориалдық материалдарға жасалған талдау жұмыстары түрк қоғамының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму деңгейін бағамдауға мүмкіндік береді. Жайсан ғибадатханасы ескерткіштеріндегі культтік туындылар ұсынған дереккөздерді кешенді талдаудың нәтижесінде, түрк тайпаларының мәдениетін жалғастырушы қазақ, қырғыз және басқа да түрк халықтары Түркістан жерін мекендеген байырғы тұрғындары деген маңызды тұжырым жасауға болады.

Бөлісу: