Биіктігі үш қабатты үймен бірдей болатын құрылым 870 шаршы метр болатын павильонның барлық дерлік аумағын алып жатыр.
Бірнеше жыл бойы аустриялықтармен достық қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс келе жатқан танымал қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Аустрия павильонында да бұрыннан араласып келе жатқан достарына тосын сый жасады. Ол Халықаралық көрмелердің ішіндегі ең биік қолдан жасалған құрылымды ешбір альпинистік жабдықсыз бағындырып, альпинист ЭКСПО-да да альпинист екендігін тағы бір дәлелдеді.
Ол құрылым бөренелерімен өрмелей жоғары шығып, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің нышаны ретінде жоғарыға Қазақстан мен Аустрия туларын орнатты.
Оттегі құралынсыз әлемдегі барлық "сегізмыңдық" шыңдарды бағындырған қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев 2013 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Венаға ресми сапары қарсаңында Аустрияның ең биік нүктесі - Гросглокнер шыңын бағындырып, екі елдің достығы мен өзара түсіністігінің кепілі ретінде Қазақстан мен Аустрияның туларын орнатқан болатын.
Айта кетерлігі, Аустрия павиьоны өзінің ерекшелігімен ЭКСПО көрмесіндегі көруге ұсынылған ең үздік бес павильон қатарына енген. Мұндағы "Күш машинасы" деп аталатын басты құрылым әрбір келушілерге Аустрияның барлық әлеуетін шығармашылық тұрғыдан таныстырады. Оларға өзінің заманауи технологияларымен ерекше әсер қалдыра отырып, энергияға деген ұқыптылықты қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Павильон жетекшілерінің айтуынша, ЭКСПО - 2017 көрмесі ашылғалы бері Аустрия павильонынын 160 мың адам тамашалап үлгерді.
Дайындаған: Айнұр МАРАТ
Фото: Арман МҰХАТОВ