Қазақстандағы тілшілердің сөйлеу тілінде кездесетін қате қолданыстары

16 Қыркүйек 2017, 16:15 5034

Қазақ тілшілерінің ақпарат жеткізу кезінде тұрақты тіркесті қолданудағы қателіктері

Журналистердің сөйлеу тілінде кездесетін қате қолданыстар газет бетінде, радиода, телеарналарда және ақпараттық порталдарда да кездесіп отырады. Олай деуімізге де себеп бар. Және оларға тоқталар болсақ.

1) Сөз тіркесін тұтас айтпай, жартысын тастап айту. «Ешкімге айтпау» (тіс жарып ешкімге айтпау).

2) Әдейі,бұзып сөйлеу,жаргондармен айту. «Быт-шыт боп жеңілсең, халыққа қайтіп ұнайсың?» «Базар жоқ»;.  Ел дегенің «құлады, қырылып қалады» деген сөйлемдегі ел тіршілігіне берілген «құлады, қырылып қалды» деген сипаттама да орынсыз дер едік. Қазіргі кезде «быт-шыт болып отыру» (көңіл күйінің бұзылған сәті немесе масқара болу) мен «базар жоқ» («мейліңіз», «қарсылығым жоқ») жастардың «сүйіп» қолданатын тіркестеріне айналды. Журналистер мұндай тіркестерді кейіпкерге тілдік мінездеме жасау үшін де қолданады.

3)Сөз тіркесін білмегендіктен,бұзып айту. «Қап қабымен, тұрымтай тұсымен». (дұрысы: «Тең – теңімен, тезек – қабымен (бүтін)», «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» (әуре); Келтірілген мысалдардан автордың немесе оның кейіпкерінің сөздің мәнін дұрыс білмегенінен болатыны белгілі.

4) Қосымшалардың тұлғасын бұзып айту. Мысалы, Айтатұғым (айтатынмын); өз қызметінен аластату (аластау); барғамыз (барғанбыз); барғамын жоқ(барғаным жоқ); бейбастық (бейбастақтық); бейберекетсіздік (берекетсіздік не бейберекеттік); бөрігі (бөркі), Данагөй қариягершілік (дана қариялық); дүдәмалсыз (дүдәмал), дәм-тұзыға шақыру (дәм-тұзға); екеміз (екенбіз); жатырған (жатқан); жұп-жуан хат (қалың хат); күйеуі бір басшының қайнысы екен (қайыны екен), өзімбілермендік (өзімбілемдік); ұрда жық (ұр да жық, (ұрдажық); мен ойлаймын (менін ойымша); қарттар айшылығын өткіздік (қарттар айлығын өткіздік); ашаршылық жариялау (аштық жариялау); негізгі тапсырмашы (негізгі тапсырысшы);менше керек (меніңше керек); әкімшілік қызметкерлері (әкімдік қызметкерлері).

5) Шылаулардың, басқа да жалғаулардың өзгертіліп айтылуы. Әгәрәкім, жерге қатысты мәселенің шеті көрінсе, ұзына таңға уайым жемейтін қазақ кем. Әгәрәкім – егер, ұзына таң – ұзақ таң, қазақ кем – қазақ болмайды немесе қазақ ұзақ таңға уайым жейді т.б.

6) Жергілікті тіл ерекшеліктерін пайдалану (үлкен – әйдік, дәу, нән т.б.).

Газеттегі шағын жанрлар тілінде стильдік кемшіліктер де орын алады. Мысалы: Ресей және Қазақстан Президенттерінің  кездесуінен соң бұл сұрақ маңында АЭС салу туралы болып отыр. Алайда, журналист «сұрақ» деген сөзді дұрыс қолданған жоқ. Бұл жерде «сұрақ» емес, «мәселе» сөзі қолданылып, сөйлем «Ресей және Қазақстан Президенттерінің кездесуінен соң, бұл мәселе қайтадан сөз болды» деп жазылуы керек. Ал жоғарыдағы сөйлем орыс тілінің ықпалымен жасалған сәтсіз аударма. Тағы бір мысал: Бұл  ұсынысты Рим папасы Иоанн Павел II мемлекет басшыларына тастаған еді. Бұл жерде дұрысы «Бұл ұсынысты Рим папасы Иоанн Павел II мемлекет басшыларына білдірген» немесе «айтқан» болғаны дұрыс, демек, «ұсыныс тастаған еді» деген тіркес орынсыз қолданылып тұр. Одан өзге :«Мың бұралған биші атағын қанжығасына байлағысы келгендер саны көп болды» деп берілген. «Қанжығаға байлау» деген ұғым тегінде халқымыздың аңшылық-саятшылық кәсібіне байланысты айтылатыны белгілі, сондықтан бұл сөйлемде «қанжығаға байлау» тіркесі орынсыз қоданылып тұр. Соңғы кездері орыс тіліндегі «ожидается» деген сөз тікелей аударылып, баспасөзде «күтілуде» сөзі жиі қолданылады. Сөйлем бір елдегі, қаладағы, немесе мекемедегі маңызды оқиғаның (халқаралық кездесу, мәслихат, мұражайдың немесе оқу орнының ашылуы т.б.) «мемлекет басшысының, әйтпесе пәлен деген қайраткердің келуі, сөз сөйлеуі күтілуде» деп аяқталады. «Күтілуде» сөзінің орнына «жоспарланған» деген сөзді қолдануға болады. Сол сияқты «ағымдағы жылы», «дөңгелек үстел» орыстың «текущий год», «круглый стол» сөздерін  дәлме-дәл аудара салғаннан пайда болған, оларды «үстіміздегі жыл», «алқалы жиын» деп аударса, көз алдымызға салиқалы әңгіме-дүкен құрған іскер азаматтар келер еді. Соңғы кездері тілдік өлшемді сақтамау, ешқандай қажетсіз-себепсіз сөз арасына орысшаны араластыру дағдысы да сауаттылықты, білімдарлықты білдіретіндей нышан деп санайтын, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан бейімделістің салдары десек те болады. Мысалы: мигранттар, штраф, учет, претензия, трибуна, сияқты сөздер шағын жанрдағы материалдарда да аудармасыз қолданылып жатады. Ал, бұл сөздердің қазақша баламалары бар да, бірақ, өкінішке орай, олар қолданыла бермейді. Мысалы, терроршы –ылаңкес, терроршылдық – ылаңкестік, индустрия саясаты – өндіріс саясаты, принцип – қағида, ұстаным, экстремистер – әсіре әрекетшілдер, арена – мәре, делегация – өкілдер, тарифти көтеру – төлемақыны көтеру, лицензия – ұлықсаттама, презентация – тұсаукесер, таныстыру, туберкулез – өкпе ауруы, ветеринарлық қызмет – малдәрігерлік қызмет, спикер –төраға т.б. Қолданыстағы мұндай орашолақтықтың жіберілу себептерінің біріншісі және ең бастысы – сөз мағынасын дұрыс ажыратпаудан, сөзді қате қолданудан; екіншісі, мәтіндердің негізінен орысша дайындалып, қазақшаға үстіртін аударылуынан; үшіншісі, сөз саптаудағы, яғни сөйлем құраудағы олақтықтан болады. Зерттеу жүргізіліп отырған басылымдарда орыс сөздерінен тура аударып қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің қайсыбіреулері құлаққа түрпідей тиеді. Мысалы. «алқаптарға дән сіңіру» деген тіркесті алайық, мағына жігін ажырата келсек, дән-су немесе сұйық зат емес, ол жерге сіңбейді, дәнді жерге егеді.Жоғарыдағы тіркес –орысшадан тікелей тура аударылған сөз, ол қазақша «дән себілу» немесе «дәнді егу» болып айтылуға тиіс. Сол сияқты «Үкімет жобасы кері шақырылды» деген тіркес те қазақша ой тұжырымды бере алмайды. Ол «кері шақырылды» емес, «қайта қаралу керек деп шешілді» болғаны дұрыс. Қайтарылатын біреуге берілген зат немесе тірі адам ғана. Осы мысалдардан, шағын жанрда орыс тілінен тура аударып қолданылған сөздердің барлығы бірдей қазақ ұғымына дәл келіп жатпайтынына көз жеткіздік. «Жерге жеке меншік енгізу» деген тіркестің «жерді жекешелендіру», «сыртқы істер бойынша комитеттің бастығы» деген тіркестің  «сыртқы істер комитетінің бастығы» болып аударылуы керек.

Кейде журналистердің «қызыл сөздің қызығына түсіп кетіп», мағынасы хабарлама мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемнен тақырып жасауы да кездеседі. Мысалы, «Жас алаш» газетіндегі марқұм Рәшит Рахымбековты еске алуға арналған мәтіннің тақырыбы «Қаламы қолында қарысып кетті» деп алынған. Қазақта «қарысу» етістігі «жұмылғаннан жазылмау» деген мағынада қолданылатынын білеміз. Мына тақырып өмірден қайтқан қадірлі азаматты кұрметпен еске алуға лайықсыз екендігі осы сөз  қолданыстан байқалады. Сонымен қатар, осы материалды қазақ журналистикасы мен әдебиетінің сахнасына жылымықтың лебі есіп; мұз құрсауы сөгіле бастаған алпысыншы-жетпісінші жылдары;күрмеуі қиын шаруа; ең беделді дейтін қолжазбалардың иін қандыру; ұстыны бөлек азамат сияқты тіркестер қолданылған. Сол сияқты, «Шебері көп елдің шері аз болады» деген сөйлемнің де мағынасы тым түсініксіз. Осы мақаладағы «миымыз әбден машиналанып кетпей тұрғанда», «ұлттық дегдарлығымызды сақтау», «әсіре патриотизмнің ықпалы» сияқты тілімізге де, ақыл-санамызға да тың жаңалық, соны мағына бере қоймайтын, автордың өзі айтқандай, «әсіре әуестенуді» білдіретін сөз тіркестері кездесіп отырады. Академик М.Серғалиев публицистикалық стильде жазылған шығармаларда кездесетін стильдік, фонетикалық, лексикалық және фразеологиялық ерекшеліктерге тоқталған. Ғалым «чиновник», «журналист», «минут», «артист», сөздерінің шенеунік, жорналшы, минөт, әртіс болып жазылатынын айтып, оларды «сауаты аз немесе қара танымайтын адамдардың айтуы бойынша қағазға түскен», «тұрақты, ақылға қонымды шешімнің нәтижесінде» жазылмаған, «жекеленген авторлардың субъективті көзқарастарының» көрінісі деп есептейді. Зерттеуші Ж.Абдрахманова фразеологиялық қолданысты қалыпты және окказионал деп бөлгенінен алғашқы тараушылардан хабардармыз. Мұндағы қалыпты фразеологизмдер дегеніміз тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдану тұрақтылығы бар тіркестер де, окказионал фразеологизмдер дегеніміз –«тосындылығымен, экспрессивтілігімен, бір стильдік тармақта бір мезгілде пайда болатын, өміршең  емес, әдеби тілге ену қабілеті шектеулі сөздер» деп, зерттеуші «қамсауы кеткендер» (кедей), «аузына жел бітіп» (өнер дару, талантты болу), «қабағымен қар жаудырып, тілімен мұз тоңдыратын» (бетбақ, нашар мінезді) сиқты тіркестерді мысалға келтіреді. Шағын жанр материалдарында да сөйлеу жанры мәтіндерінде қолданылатын, қалыптан ауытқыған осындай окказионал фразеологизмдер кездесіп отырады (бұрқыратып жазып тастау, танауын көтеріп, кеудесін ұрғылау т.б). Қазіргі кездегі қолданыстағы мұндай орашолақтықтың жіберілу себептерінің біріншісі және ең бастысы – сөз мағынасын дұрыс ажыратпаудан, сөзді қате қолданудан; екіншісі, мәтіндердің негізінен орысша дайындалып, қазақшаға үстіртін аударылуынан; үшіншісі, сөз саптаудағы, яғни сөйлем құраудағы олақтықтан болады. Зерттеу жүргізіліп отырған басылымдарда орыс сөздерінен тура аударып қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің қайсыбіреулері құлаққа түрпідей тиеді.Мысалы. «алқаптарға дән сіңіру» деген тіркесті алайық, мағына жігін ажырата келсек, дән-су немесе сұйық зат емес, ол жерге сіңбейді, дәнді жерге егеді.Жоғарыдағы тіркес –орысшадан тікелей тура аударылған сөз, ол қазақша «дән себілу» немесе «дәнді егу» болып айтылуға тиіс. Сол сияқты «Үкімет жобасы кері шақырылды» деген тіркес те қазақша ой тұжырымды бере алмайды. Ол «кері шақырылды» емес, «қайта қаралу керек деп шешілді» болғаны дұрыс. Қайтарылатын біреуге берілген зат немесе тірі адам ғана. Осы мысалдардан, шағын жанрда орыс тілінен тура аударып қолданылған сөздердің барлығы бірдей қазақ ұғымына дәл келіп жатпайтынына көз жеткіздік. «Жерге жеке меншік енгізу» деген тіркестің «жерді жекешелендіру», «сыртқы істер бойынша комитеттің бастығы» деген тіркестің  «сыртқы істер комитетінің бастығы» болып аударылуы керек.

Сондай-ақ, «...деп хабарлайды Қазақстан парламент сенатының баспасөз қызметі». Бұл жерде хабаршы болып тұрған адам емес, қызмет сияқты. Немесе: «...Европа одағының Беларус майданы бойынша маманы» деген сөйлемнің «Европа одағындағы Беларусты зарттеуші, беларустанушы» деп жазылғаны дұрыс болар еді. Сол сияқты «Жақсы жұмыс бірден көзге түседі» деген сөз қолданыс та кездеседі, бұл шын мәнінде, «жақсы жұмыс істеген адам»деп жазылуы керек. Журналист Қали Сәрсенбайдың «Саяси күреске емес, рухани күреске тоймасақ керек еді» немесе «Шебері көп елдің шері де аз болады. Бұл істің басында «мини –марғұландар» мен «мини –әбіштер» жүрмей болмайды». деген сөйлемдеріндегі «тоймасақ керек» пен «жүрмей болмайды»деген етістіктердің «тоймауымыз керек» және «жүрмесе болмайды» болып қолданылғаны орынды дер едік. «Табыс формуласының» салымшылары 35 мыңнан асады және олар Қазақстанның әр түкпірінде тұрады, ал автокөлік айына бір-ақ рет ойналады. Сондықтан салымшыға шынында да сәттілік жолдас болды, сөйтіп ол «Ниваның» иесі атанды... «Табыс формуласы» салымшылар арасында өте танымал депозиттердің бірі. Сондай-ақ салым мемлекеттік кепіл беру қорымен қорғалған деген сөйлемді алсақ, ондағы «сәттілік жолдас болды», «кепіл беру қорымен қорғалған» сөз тіркестерінің логикалылығы мен синтаксистік құрылымы жағынан қазақша ойға жат екені байқалады. Мұндай  аудармалардың көпшілігі қазақ тілін байырғы гөрі балама тілге, «аударма, кірме тілге» айналдырып жіберері сөзсіз. Баспасөз тіліне жасалған осындай немқұрайлылық ана тіліміздің бай сөздік қорын ығыстырып, оның орнын шұбарланған тілдің басу қаупі бар. Кейде журналистердің «қызыл сөздің қызығына түсіп кетіп», мағынасы хабарлама мазмұнына сәйкес келмейтін сөйлемнен тақырып жасауы да кездеседі. Мысалы, «Жас алаш» газетіндегі марқұм Рәшит Рахымбековты еске алуға арналған мәтіннің тақырыбы «Қаламы қолында қарысып кетті» деп алынған. Қазақта «қарысу» етістігі «жұмылғаннан жазылмау» деген мағынада қолданылатынын білеміз. Мына тақырып өмірден қайтқан қадірлі азаматты кұрметпен еске алуға лайықсыз екендігі осы сөз  қолданыстан байқалады. Сонымен қатар, осы материалды қазақ журналистикасы мен әдебиетінің сахнасына жылымықтың лебі есіп; мұз құрсауы сөгіле бастаған алпысыншы-жетпісінші жылдары;күрмеуі қиын шаруа; ең беделді дейтін қолжазбалардың иін қандыру; ұстыны бөлек азамат сияқты тіркестер қолданылған. Сол сияқты, «Шебері көп елдің шері азболады» деген сөйлемнің де мағынасы тым түсініксіз. Осы мақаладағы «миымыз әбден машиналанып кетпей тұрғанда», «ұлттық дегдарлығымызды сақтау», «әсіре патриотизмнің ықпалы» сияқты тілімізге де, ақыл-санамызға да тың жаңалық, соны мағына бере қоймайтын, автордың өзі айтқандай, «әсіре әуестенуді» білдіретін сөз тіркестері кездесіп отырады. Академик М.Серғалиев публицистикалық стильде жазылған шығармаларда кездесетін стильдік, фонетикалық, лексикалық және фразеологиялық ерекшеліктерге тоқталған. Ғалым «чиновник», «журналист», «минут», «артист», сөздерінің шенеунік, жорналшы, минөт, әртіс болып жазылатынын айтып, оларды «сауаты аз немесе қара танымайтын адамдардың айтуы бойынша қағазға түскен», «тұрақты, ақылға қонымды шешімнің нәтижесінде» жазылмаған, «жекеленген авторлардың субъективті көзқарастарының» көрінісі деп есептейді.

Зерттеуші Ж.Абдрахманова фразеологиялық қолданысты қалыпты және окказионал деп бөлгенінен алғашқы тараушылардан хабардармыз. Мұндағы қалыпты фразеологизмдер дегеніміз тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдану тұрақтылығы бар тіркестер де, окказионал фразеологизмдер дегеніміз –«тосындылығымен, экспрессивтілігімен, бір стильдік тармақта бір мезгілде пайда болатын, өміршең  емес, әдеби тілге ену қабілеті шектеулі сөздер» деп, зерттеуші «қамсауы кеткендер» (кедей), «аузына жел бітіп» (өнер дару, талантты болу), «қабағымен қар жаудырып, тілімен мұз тоңдыратын» (бетбақ, нашар мінезді) сиқты тіркестерді мысалға келтіреді. Шағын жанр материалдарында да сөйлеу жанры мәтіндерінде қолданылатын, қалыптан ауытқыған осындай окказионал фразеологизмдер кездесіп отырады (бұрқыратып жазып тастау, танауын көтеріп, кеудесін ұрғылау т.б). Қазіргі кезде жастардың сөйлеу тілінде ауылдан келген жастарды «мәмбет» деп кемсіту, «қалталы қамқоршысы бар» деудің орнына « крышасы бар» немесе «танкісі бар» деу көптеп кездеседі. Мұндай ауызекі сөйлесу элементтерін шағын жанрларға енгізудегі орашолақтықтар, шағын жанрлардың мәтіндерінде кездесіп отырады. Авторлар ойын көркемдеп жеткізуді мақсат тұтып, кейде лексиконымыздағы тұрақты немесе еркін сөз тіркестерін «өз қадырынша өзгертіп», өз мақсатына жұмылдырғысы келетін жайларда бар. Мысалы: Бірақ дау түңлігі түрілгелі табаны күректей төрт ай болса да, қай жақтікі бұрыс, қай жақтікі дұрыстығын елеңдей күткен елге ресми жауап қатқан ешкім жоқ . Қазақ «түңдігі түрілген» деген тіркесті не өзінің тура  мағынасында, таңның атқанын бейнелеу үшін қолданады. Ал, мына сөйлемдегі «дау түңдігі түрілген» деген тіркес орында жасалған деп айтуға келмейді. Биыл күзде мәслихаттарға, келер жылы күзде Мәжіліске сайлау болады.Әкімдердің дәрмені де осы тұста сыналмақ. Егер иненің көзінен өтетіндер табылып жатса, бүгінгі әкімдердің біразы алдағы уақытта Парламенттің партасына теліп тастап, өздері болысқа қожа бола кетері бек мүмкін. Келтірілген мысалда «иненің көзінен өтетіндей»  деген тіркес «тым пысық» деген мағынаны білдіретінімен келісуге болады, дегенмен бұл тіркестің тек «иненің көзінен өткендей»  деген фразеологиялық мағынада ғана қолданылған жөн еді. Сөйтіп, Қазақстан Одақтан оқшауланып шыққан кезде тоқашы суып қалған Меңдібаевтар апанына кірді де кетті. Содан бері елалдында бой көтерген емес. Өткені өз қолымен жасаған «саяси ойындардың» дініңде құрты бар екенін іштей сезеді. Бұл үзіндідегі ерекшеленіп көрсетілген тіркестердің де орынды қолданыста емес екендігіне назар аударуға тура келеді. Әдетте нан немесе тоқаш жайлы «суып қалады» деп айтыла бермейді, және апанға «кіріп» емес, «түсіп» кететінін ескерту керек. Соңғы кездері мерзімді басылымдарда кездесетін жаңа атаулардың қолданысындағы орын алып жүрген кемшіліктің ең бастысы – ресми бекітілген терминдердің бірінші нұсқасының жарыса жұмсалуы. Газет беттерінде жарыса қолданылып жүрген жаңа атаулар: акимат - әкімшілік,әкімият; фонтан – субұрқақ,бұрқақ; патриотизм – отаншылдық, отансүйгіштік, елжандылық; казино – ойынхаха, құмархана; микрорайон – мөлтекаудан, ықшамаудан, шағынаудан; глобализация  – ғаламдану, жаһандану, ауқымдану; интернет – әлемтор, ғаламтор т.б. Сөзімізге дәлел келтірер болсақ:  Туристік аймақтардағы инфрақұрылым дамымаған дегенмен, бұл жердегі қызмет көрсету бағалары қырғыз ағайындардан қалысар емес. Егер жай ғана индустриал­ды-инновациялық дамудың бағдарламасы iске асып, тиiмдiлiгiн көрсетсе, онда жеделдетiлген деген сөздi қолдансақ орынды болар едi. Инфрақұрылымдық жобалар, 30 кор­поративтi көшбасшы тәрiздi бағдарлама құрдымға кеттi. Бұл аталғандармен бірге қазіргі терминдердің қолданысында алып жатқан басқа да кемшіліктер бар. Айталық, орыс немесе өзге шет тілінен енген дара тұлғалы терминдердің екі немесе үш сыңарлы термин түрінде сипаттай аудару кездесіп жатады. Мысалы, «распродажа» деген атауды қазақша «арзан сатылып» деп екі сөзбен беру термин ықшамдылығы тұрғасынан да мағыналық тұрғыдан да ұтымды жасалған дей алмаймыз. Бұл терминді сондай-ақ «жаппай сату», «сатып жіберу», «көтере сату» деп жарыстыра беріп жүр.

Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің қай саласын алсақ та, қысқарған сөздер молынан кездеседі. Газет беттерінде кездесетін қысқарған атаулардың жасалуында, қолданысында көптеген кемшіліктер алып жүр. Атап айтсақ, біріншіден, әріптік қысқарту барысында қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесінің сақталмауы: АШМ (ауыл шаруашылығы министрлігі), АМҰ ( Америка мемлекетінің ұйымы), АФК ( Азия футбол конференциясы), ҒЗО ( ғылыми зерттеу орталығы), ЖЗҚ ( жинақтаушы зейнетақы қоры); екіншіден, әр басқа ұғымдарды білдіретін күрделі атауларды бірнеше нұсқада жарыса жұмсалуы: Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ келісімі – ЕҚЫҰ//ЕҚЫК болып екі түрлі нұсқада жарысып жұмсалып жүр. ІЖӨ // ЖІӨ (ішкі жалпы өнім, жалпы ішкі өнім) сияқты жарыса қолданып жүрген атауларды да қосуға болады; төртіншіден, бірде қазақша, бірде орысша, кейде ағылшынша қысқартылуы бойынша қолданылып жүрген атауларда кездеседі. Мысалы, СЭС  //ГЭС (су электр стансасы, гидроэлектростанция), ЖЭО  // ТЭЦ, ФИФА // ҒІҒА және т.б. Сөйлеу тілі: ауызекі сөйлеу тіліне, лекциялар тіліне, шешендік (ораторлық) сөйлеуге бөлінеді. «Термины «устный» и «разговорный» не являются антиподами. Понятие «устный» обозначает форму существования речи и одновременно является термином, объединяющим по общему признаку ряд стилевых жанров языка (разговорную, лекционную, ораторскую речь) в противопоставлении к тем стилям, которые объединяет их письменная форма существования. ... Она к тому же употребляется и в обиходно-бытовых условиях. Термин «письменный» также выражает понятие о форме существования речи и об определенных стилях, объединяемых общими признаками. ...Устная речь, воспроизводимая в художественной литературе, не становится от этого письменной», - деген профессор Р.Әміровтың пікірінен, тілдік бірліктердің өмір сүру формаларының сөйлеу тілінің стилистикалық жағынан қалыптасуына тигізетін ықпалының зор екендігін аңғаруға болады. Біз қарастыратын мәселе газетте қолданылғанымен (яғни жазба тілде), өзінің шыққан тегін жасыра алмайтын, ауызекі сөйлеу тіліне тән қарапайым тілдік элементтер жайында, яғни әдеби тілдің деңгейіне сай келмей, тіл мәдениетін төмендетуге әсер етіп отырған тілдік элементтер туралы болмақ. Газеттерде ауызекі сөйлеу тілінің элементтері екі мақсатта жұмсалады: 1) саяси қарсыласқа, жат қоғамға деген пейоративті, жағымсыз көзқарасты білдіру мақсатында әдейі қолданылады; 2) тіл мәдениеті төмендегіге байланысты, тілдік кемшілік ретінде білместікпен қолданылады. Біз мұның соңғысына тоқталып, олардың шынымен-ақ тілдің әрін кетіріп отырғандығын көрсеткіміз келеді. Мысалы: Не керек, Түркістандағы ойдым-ойдым көшелерде ... «вископласт» деп бөсе бастады; Бұрын мұндай кездесулерде шетел тұрмақ өз елімізде орысша сөйлейтін Қ.Кемелұлы қазақша ызғытып тұр; Үкімет мүшелерінің «жуудан» қолы босамай жатыр... Ресей премьер-министрі Е.Примаковтың басы қататын кез таяп қалды т.б. Ресми мәтінде мұндай ағаттықтардың болуы тіл мәдениетіне немқұрайлы қараушылық әрі газеттің беделін түсіретін орынсыздық болып табылмақ. Сонымен қатар, газет – тіл мәдениетінің көрсеткіші. Ал, тіл мәдениеті халық мәдениетінің  деңгейін танытады. Шағын жанр мәтінінің  тілі де оның авторларының дүниетанымын, шешендігін, ұлттық жазу, сөйлеу мәдениетін қалай меңгергенінен мағлұлам беріп отырады. Олар арқылы газет бетінде де сан түрлі публицистикалық бейнелер жасалып, олар осылайша халық санасында сақталады. Газет тілі де, тілдің өмір сүруінің ең жоғарғы көрінісі екендігі белгілі. Қандай да бір газет материалы болмасын, оның ішінде шағын жанрлар тілі оқырман түсінігіне қиындық әкелетін сөздерден аулақ болғаны абзал. Газеттің, онда жарияланатын шағын жанрлардың қоғам дамуындағы рөлі аса маңызды. Ол күнделікті тұрмыс- тіршілігіміздің барлық саласында барынша қызмет етіп келген, қазір де қызмет етуге. Газет лексикасы – көпшілік назарындағы көрнекі лексика. Қазіргі кезде ол ұлтымыздың әдеби тілін, жалпы тіл мәдениетін дамытуға үлесін қосып отыр. Бүгін тіл білімі ғылымы саласында газет лексикасының әдеби дәстүрлі нормаларын сақтау, оның дамуындағы негізгі үрдістер бойынша теориялық қағидалар жасап, басты ғылыми ұстанымдарын айқындау қазақ сөз мәдениетіндегі өзекті мәселеге айналып отыр. Яғни, шағын жанрлардағы тілдік құралдардың қолданылу жайын айта отырып, жазба әдеби тілдің дамуында ерекше рөл атқаратын газет тілін зерттеудің, оның стильдік ерекшеліктеріне мән беріп отырудың маңызы зор екендігінде байқауға болатынды.

Дана Мәулен
Бөлісу: