Қазақстандағы авторлық құқықтың мәні

17 Қыркүйек 2017, 16:45 4301

Шығармашылықтың құқықтық негіздері

Әрбір жазушының өзіндік стилімен қатар, шығармашылық құқығы болуы тиіс. Себебі, қазіргі таңда шығармашылықпен айналысатындардың басым бөлігі өз дүниесінен айырылып қалып жатады. Бұған дәлел көптеген ақын-жазушылардың баспа үйімен келісім шартқа отырмастан өз кітаптарын жарыққа шығаруы. Содан, арада келіспеушілік туып автор мен редактордың қарым-қатынасы бұзылады. Осыдан барып ол кісілер заңға жүгіне бастайды. Бұл күнделікті тіршіліктің қарапайым бір мысалы ғана, жалпы алғанда мұндай жағдай тек баспа үйінде ғана емес, журналист, әнші сазгерлердің арасында  яғни әлемде көтеріліп тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біздің елімізде осыған орай шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген.

Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған. Оған қоса Қазақстан Республикасының 1996 жылы 10 маусымда қабылданған «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы ғылым, әдебиет, Журналистердің еңбектеріне келетін болсақ, жазылған мақалаға қол қойылып, жарияланған сәттен бастап, сол мақала қол қойған автордың тікелей меншігі болып табылады. Басқа ешкім де осы мақаланы көшіріп басып, өз қолын қойып, таратуға құқығы жоқ. Шығармашылық қызметтің басқа түрлеріне қарағанда қайраткерлерінің, атап айтқанда, журналситер мен жазушылардың ойынан туып,  қағазға түскен немесе ауызша айтылып, эфирге тараған ақпараттық материалдың авторы кім екенін табу оңай. Қазақстан Республикасының авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы Заңы бойынша шығармашылық қызметпен айналысатындардың, солардың ішінде БАҚ қызметкерлерінің зияткерлік ой еңбегінің нәтижесі мемлекет атынан қорғалады.   Қазіргі таңда көпшілік жұрт қарақшылықпен айналысқанға, әуес. Мысалы, Ғаламтор бетінен көшіріліп алынатын материалдар жайында айтсақ, ол өз алдына бөлек әңгіме. Қазірде ғаламтор ақпарат алу көзінің ең жедел, қолжетімді  түрі болып табылады. Ода кез келген, жан-жақты ақпарларды тауып, жай көшіріп алуға болатыны белгілі. Десек те, алынған материалдардың сілтемесін көрсетпеу мәселесі бар. Жай ғана «ғаламтор бетінен алынды» деп көрсету жөн емес.

Көшірілген ақпараттың орнын, сайт мекен жайын, авторын жазу міндетті. Себебі, авторлық құқық бойынша дауға қалмаған күннің өзінде, осы материалдарды қолданушыға да жеңілдік болу үшін, яғни пайдаланушының Ғаламтордағы түпнұсқасына қол жеткізу қажеттігінде де жатыр. Алайда өзімізге белгілі сайт "гугл"-ды алып қарайық. Ішінде толған мәліметтер мақала, сурет әуендер. Солардың бірін өзіне жүктеп, "копировать" "вставить" етсе болғаны дайын реферат немесе мақала болып шыға келеді. Көшірген жан оны еш өзгеріссіз қоя салысымен ертесінен өз жаныннан шыққан дүниесі ретінде алып келіп жатады. Осыдан келіп авторлардың құқықтары бұзылғандығы туралы дау туатын жағдайлар да жасырын емес. Сондықтан, журналистің ой еңбегінің жемісі ретінде туындаған шығарманың қайсысы авторлық құқық обьектісі, қайсысы авторлық құқық обьектісіне жатпайтынын анықтап алған жөн деп санаймын. Журналистер үшін осыдан кейін жазылған: «Егер авторлық шартта өзгеше көрсетілмесе, құрама туындыға енгізілген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана  беруге құқылы» деген қағиданы дұрыс түсінуі тиіс. Басқаша айтқанда, кейін өз материалдарын өз еркімен пайдаланғаны үшін, айталық, басқа басылымға ұсынғаны үшін өз редакторымен дауласып жатпасқа, алдымен заңды түрде шарт жасасып қою керек. Шартта жеке автордың басылымға шыққан материалын қалай пайдалана алатыны көрсетілгені жөн. Бұл арада, 11–баптың 1- тармағындағы талапқа назар аударған дұрыс.  Әдетте, мерзімді басылымдар өз оқырмандарын ескертіп, газет– журнал, ал кейінгі кезде сайттардың материалдарын редакцияның келісімінсіз пайдалануға (көшіріп басуға, аударуға, т.с.с.) тыйым салады, немесе пайдаланған жағдайда міндетті түрде сілтеме жасауды талап етеді. Мұндайда тіпті, редактор, редакция материалдарын пайдалануға рұқсат бергеннің өзінде, сол материалдардың авторының да өз келісімін алуы – міндетті шарт. Олай болмаса, редакторлардың рұқсатының күші болмайды. Өйткені, әрбір автордың  құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке қорғалады.  Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»  Заңдарында кейбір материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында еркін пайдалану мүмкіндігі бар екендігі жазылған. Олар «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның  19 және 25  баптарында анық көрсетілген.  Мысалға келтіре отырып майын тамызып тұрып жазатын дүниелер көп әрине, бірақ тарихқа тоқталмай авторлық құқықтың не екенін жазу екіталай.

Қазақстандағы авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973 жылы Бүкілодақтық Авторлық құқық жөніндегі Агенттіктің (ВААП) Қазақстандағы бөлімшесі жұмыс істей бастаған күннен басталды. Шағын тұратын бұл бөлімше авторлардың қаламақысын реттеумен шұғылданып, Мәскеуден келетін нұсқаларды орындаудан аса алған жоқ. Өз тарапынан авторлық құқықты реттейтін бірде-бір құжат әзірленеген емес. Оған мүмкіндіктері де жоқ еді. Дегенмен де бұл мекеменің өмірге келуі - әдебиет пен өнер өкілдерінің шығармашылық еңбегінің ақысын қорғау мүмкіндігін тудырды. Баспа мен газет, журналдар, радио мен телеарнада, театр саханасы мен эстрадада жарық көрген туындылары үшін автор мен сабақтас құқық иелері - актерлер, әншілер, цирк ойыншылары, т.б. өз өнерінің жемісін үкімет белгілеген мөлшер бойынша алатын дәрежеге жетті. Бөлімшеде Қазақстан авторлары мен орындаушылардың, олардың шығармаларының аса мол деректері жинақталды. Бұл мекемені әр кезде Әнуар Әлімжанов, Сағат Әшімбаев, Қалдарбек Найманбаев сияқты қазақтың белгілі жазушылары басқарды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының авторлық құқық саласына мән беріп агенттік ашуға тапсырма беруінің астарында өте үлкен мән бар. Әрбір елдің беделінің тұрақтылығын, мәдениетінің деңгейін көрсететін басты қажеттіліктің бірі сол елдегі авторлық құқықтың  қорғалу денгейі. Оны айтпағанның өзінде мемлекет пен мемлекет арасында қандай да бір іскерлік, әріптестік байланыс орнауы үшін алғашқы шарттылық ретінде сол мемлекеттердегі авторлар құқығының қорғалу деңгейі назарға алынады. Өйткені авторлық құқығы өз деңгейінде қорғалмаған елдер арасында сауда-саттық, мәдени, қарым-қатынастардың орнауы мүмкін емес.

Осының маңыздылығын түсінген Қазақстан үкіметі 1991-1992 жылдары-ақ агенттік құрып елдегі авторлық құқық мәселесін жедел қолға алуға кірісті. Кезінде министрлікпен дәрежесі тең болған сол агенттік бұл күнде Әділет министрлігінің қарамағындағы зияткерлік меншік жөніндегі комитет. Алғаш сол агенттіктің негізін қалап,  жарғысын жазып, ұйымдастырылуына уақыты мен күш-қайратын аямай жұмсап, оның қоғамда өз орнын алып, аяғынан нық тұрып кетуіне табандылық танытып, ұлан-ғайыр күш жұмсап, еңбек еткен азамат,  қазақтың қабырғалы қаламгері, көрнекті жазушысы Марал Ысқақбай. Авторлық құқығы қорғалмайтын ел дүниежүзілік өркениетте кенже қалғандардың қара тізімінде тұрады. АҚШ әкімшілігі дайындайтын 301-«қара» тізімнің төрінде тұрған Қазақстан 2009 жылы сол қара тізімнен алынды. Тіршілікте қажетсіз нәрсе жоқ. Оның ішінде маңдайына шығармашылық тағдыр жазылған авторлар туындысынсыз өмірді көзге елестету мүмкін бе?  Концерт, спектакль, операларды айтпағанның өзінде күнделікті тірлігімізге, үйімізде де, жолымызда да, тіпті тәтті ұйқымыздың өзіне де көркем туындының қатысы бар.  Өзі жаралғалы өмірінің ажырамас рухани қажеттілігіне айналған өнер туындылары үшін адам баласы шығармашылық иелеріне шексіз қарыздар. Өнер әрбір елдің өзіне тән ерекшелігін паш етер бағалы құндылығы. Өз мәдениетін бағаламаған ел қай ұшпаққа шықпақ. Сол мәдениеттің негізгі өзегі өнер туындысы болса, сол өнерді тудырушы оның авторларына да лайықты құрмет көрсетіп, еңбегіне сай бақуат өмір сүруіне мүмкіндік жасау әрбір салауатты елдің назарында болса керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың - дамыған елу елдің, оза шапқан отыз елдің қатарына қосылу туралы үндеуін іске асырар ұлы күштің бірі осы деп білемін.

Авторлық құқықты қорғаудың жаңа кезеңі Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тікелей байланысты. 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақ бөлімшесінің негізінде Қазақстанның Авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі  Мемлекеттік Агенттігі құрылды. Обылыс орталықтарында өкілдері бар, орталық аппараты әлденеше есе көбейген бұл мекеменің мойнына жүктелген міндеттер зор болса да, бес жыл бойына мардымды іс тындырған жоқ. Авторлық құқық саласындағы мемлекеттік саясатты кең ауқымда жүргізудің орнына ескі сүрлеуден шыға алмай, бұрынғыша қаламақы жинаумен ғана шектелді. Тәуелсіз мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа кіруімен байланысты санаткерлік меншікті қорғаудың алуан түрлі мәселелері ескерусіз қалды.  1996 жылғы маусым айында қабылданған "Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы" заңнын жобасын әзірлеуден басқа қырықтан аса адамы бар бұл мекеме өз қолдарынан келетін, авторларды қорғайтын аса зәру нұсқаулықтар шағаруға да көңіл бөлген жоқ. Республикамыздағы авторлық құқық және сабақтас құқықтың мән-жайын талдайтын, тіпті, істелмеген жұмыстары мен алдағы атқаратын қызметтерін анықтайтын құжаттар да бірде бір рет әзірленбеген. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында 1998 жылы Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға иелік құқығын мемлекеттік тіркеудің Ержелері" және "Туындыларды және сабақтас құқық нысандарын пайдалану үшін жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдерді мемлекеттік тіркеуге алу Ережелері" сияқты екі бірдей нормативтік құқық келісімдер қабылданды. Біздің мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін, Одақтың құқықты мұрагерлерінің бірі ретінде аталған Конвенцияның мүшесі болып қалды. 1999 жылы Қазақстанда авторлық құқықты қорғауды жетілдіріп, дамытудың таяу жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекіп, кең ауқымды бағдарлама жасалды.

1999 жылы маусым айында Үкімет қаулысымен бекіген Комитеттің Ережесіне сай бұл  Бағдарламада Қазақстандағы авторлық құқыққа қатысты заңдарды жетілдіру, халықаралық қатынастарды күшейту, жеке авторлардың құқығын қорғау, ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметін бақылау, республикамызға ендеп кіре бастаған дыбыс-бейне таспаларды заңсыз сататын "қарақшылық" топтармен күресті өрістету, құқық қорғау, заң орындарымен қарым-қатынасты күшейтіп, бірлесе қимыл жасау, т.б. мәселелер қамтылып, оны жүзеге асыру үшін көлемді қаражат бөлді. Қазіргі таңда авторлық құқықты  қамтамасыз етудің негізгі функциясы 2001 жылы  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен ұйымдастырылған  Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитетке жүктелді. Осы органның негізгі міндеттерінің бірі – авторлардың құқықтарын сақтаумен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу, пайдаланушылардың құқықтық сауаттылығын көтеру, сонымен қатар зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын тұлғаларды қадағалау. 

Авторлық құқықтың поэма, музыка, роман, кинофильмдерге катынасы құқықты болып есептеледі. Көптеген европа елдерінде, тілдерінде «copyright» ағылшын термині қолданылады, ал «авторлық құқық» сөз тіркесі ретінде. Мысалы мынандай жағдай: егер де автор радиоқабылдағышты құрастыру туралы идеяны  қысқаша түрде журналда мақала ретінде сипаттап кетсе, онда үшінші жаққа тура осындай радиоқабылдағыш жасауға болады, бірақ  авторлық құқық туынды көшірмесін автордың рұқсатынсыз қорғай береді. Туындының өзіне келетін болсақ авторлық құқыққа сәйкес ол қорғалмайды, бірақ  басқа негізде қорғалуы мүмкін. Мысалы, жеке өндірістік контекстте идея авторлық құқықпен қорғалмайды сол негізгі болып табылады. Егер де қандай да бір адам өз идеясын жариялап қойса(мысалы лекция барысында) және де  сәйкес потент болмаса оның басқа тұлғаларға осы идеяны қолдануға қарсы келетін мүмкіншілігі жоқ. Бірақ идея материалды түрде көрсетілгендіктен суретке, музыкалдық ноталарға, сөздерге және т.б. авторлық құқық туындайды.  Яғни идея іске асырылған түрде қорғалады. Бірақ авторлық құқыққа сәйкес қорғалуы үшін туынды шынайы болуы керек.

Дана Мәулен
Бөлісу: