13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМерейтойлық датаны мерекелеу шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі әртүрлі жастағы адамдардың көп санын қамти отырып, флешмобтар, әскери-патриоттық акциялар өткізуде.
Сонымен, елордада музыкалық флешмоб қоғамдық көлікте өткізілді. Оны өткізу үшін арнайы жұмыс күнінің аяқталуы,яғни,кешкі уақыт таңдалды. Акцияның мәні қарапайым болып келеді. Сапар барысында автобуста болған барлық адамдарға Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әртістері әскери жылдардағы әндерді, патриоттық және армиялық туындыларды шырқады. Бұл уақытта кездейсоқ автобуста болған жолаушылар бұқаралық акцияны қолдап, белсене атсалысты.
«Мен 10-шы нөмірлі бағдарда осындай керемет концерттің куәсі болдым. Отан қорғаушы мен Ұлы Жеңістің күніне арналған Қорғаныс министрлігінің жобасы. Әскери ансамбльдің солистері азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, әндер шырқап, биді де биледі. Мұндай тосынсыйларыңыз үшін алғыс білдіремін», - деді елорда тұрғыны.
Алматы қаласында да қызықты акция өтті. Онда «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері әскери-патриоттық тақырыпта әндерді орындауда бастамашылар ретінде өнер көрсетіп, сондай-ақ барлығын атсалысуға шақырды.
Одан басқа, «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында да керемет іс-шаралар өтті. Онда Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери ансамблінің солистері өздерінің репертуарларымен Астана қаласының қонақтары мен тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады.
Бүгінде керемет акциялардың өткізілуі қызметтің әртүрлі салаларында бүкіл әлемде танымалдыққа ие болуда.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды