17.03.2024
20:02
1157
Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры БАӘ-де ұсталды

Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры БАӘ-де ұсталды

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам БАӘ-де ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен іздеуге жарияланған болатын, - делінген мәліметте.

Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.