08.05.2023
10:45
1378
Каспийде шағын яхта суға батып кетті

Каспийде шағын яхта суға батып кетті

Ақтауда теңізде жүрген язта суға батып кетті. Апатқа ұшыраған кемені куәгерлер түсіріп алған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаладағы 1-ықшамаудандағы "Бриз" клубының жанында айлақта жүрген шағын яхта су астына батқанын туралы бейнежазба желіде кеңінен таралды. 

Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой, - деді видео авторы.

Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.

Яхта аман-есен шығарылды. Зардап шеккендер жоқ, - деді компания.