29.06.2022
20:50
2041
Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді

Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді

Жетінші Каспий саммиті келісілген мерзімде Иран Ислам Республикасында өтеді, деп хабарлайды El.kz

Түрікменстанда бүгін өткен алтыншы Каспий саммиті өтті, оның коммюникесі жарияланды. Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды. Сондай-ақ экологиялық проблемаларды Жайық өзені мен итбалықтардың қырылуы мәселесін де сөз етті.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлі айтарлықтай артқанын айтты.