Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Каспий теңізінің жағалауында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Теңіз жасағы» АҚ теңіз құтқару бөлімшесінің мамандары мен Маңғыстау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы бірлесіп күнделікті патрульдеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құтқарушылар жағажай аймағында профилактикалық әңгімелер өткізіп, азаматтарға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруде. Әсіресе теңіздегі қауіпті жағдайлардың алдын алу, сақтық шараларын сақтау және қарапайым қауіпсіздік нормаларын ұстану бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілді.
Патруль кезінде балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуде. Құтқарушылар балалардың жағажайда ересектердің қарауынсыз жүру деректерін анықтап, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұның барлығы жаз мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алып, қауіпсіз демалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары