2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚызыл кітапқа енген жануарлардың қырылу фактісін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балық шаруашылығы комитетінің ақпаратынша, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында жағалауға шығып қалған 88 итбалық ұшасы табылған. Анықталған жерге инспекция, әкімдік және Гидробиология және экология институтының өкілдері барған. Аталған фактіге қатысты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімінде қызыл кітапқа енген жануарлардың қырылуы дерегі тіркелді.
Қазгидрометтің мәліметінше, өткен кезеңде аймақтың су аймағында батыс жақтан жел басым болып, қырылған итбалықтар жағаға шығып қалған.
Гидробиология және экология институты мәліметі бойынша, қырылған жануарлар ыдыраудың аса жоғары сатысында, бұл токсикологиялық және патологиялық анализдерді қоса алғанда, әрі қарай зертханалық зерттеулер үшін сапалы сынама алу мүмкін емес.
Жануарлардың болжамды қырылуынан кейінгі айтарлықтай уақытқа (2-3 апта) байланысты қазіргі уақытта су жануарларының қырылу себептерін анықтау қиын. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті атқарушы органның және инспекцияның күшімен Түпқараған ауданының полигонында ұшаларды жинау, тасымалдау және жою жұмыстары жүргізілді. Каспий теңізінің жағалау белдеуінің мониторингі жалғасуда, итбалықтардың қырылу дерегі бойынша жағдай ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауында,-делінген ведомство мәліметінде.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова