23.04.2024
09:22
1747
Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінісі болды

Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінісі болды

Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 23 сәуірде Астана уақытымен 00:09-да тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 1913 шақырым жерде. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV магнитудасы - 4,4, - делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.