Каспий теңізіндегі итбалықтардың өлімі: министрлік мән-жайды тексерді

1 Шілде 2023, 06:10 998

Ақтау қаласының Каспий теңізі жағасындағы демалыс орнында екі өлі итбалықтың табылғаны туралы ақпарат жарияланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, табиғат қорғау прокуратурасы, мамандандырылған ғылыми ұйымдардың өкілдері, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология департаменттері және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс тобының барлық мүшелері жедел түрде хабардар етілді.

29 маусым күні таңертең жергілікті балық инспекциясы басқармасы, экология департаменті, ветеринарлық қызмет және Қазгидромет қызметкерлері болжамды орынға шықты, - делінген мәліметте.

Алайда болжамды жерде итбалықтардың өлекселері табылмады, бұл туралы тиісті акт жасалды.

EL.KZ
Бөлісу: