02.08.2023
23:22
1982
Каспий теңізінде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Каспий теңізінде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Бірнеше күн Каспий теңізінде 36 жастағы ер адам жоғалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, 1 тамызда оның денесін балықшылар тапқан.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар, балықшылар және хабар-ошарсыз кеткен адамның туыстары жұмылдырылды.

30 шілдеден бастап Каспий теңізінің жағалауындағы Құрық ауылынан 7 км қашықтықта ТЖД Жедел-құтқару жасағының күшімен балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1987 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жүргізілді. Ер адамның мәйітін 1 тамызда шамамен 11:50-де жергілікті балықшылар тапты, - делінген мәліметте.