Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

23 Тамыз 2023, 09:36 782

23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 03:24-те Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 2213 шақырым жерде, Каспий теңізінің акваторийінде орналасты.

Тербелістің энергетикалық санаты – 12.3.
MPV магнитудасы –5.9.
Тереңдігі – 5 км.
Эпицентр координаттары - 40.37° с.е. 50.86° ш.б.
MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: