Каспий теңізінде жер сілкінді

30 Желтоқсан 2024, 10:55 385
2024 жылғы 30 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 01:14-те (Гринвич бойынша 29 желтоқсанда 20:14-те) Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығы мәліметінше, зілзаланың магнитудасы 4 баллды құрады. Эпицентр 46 шақырым тереңдікте болған.

Эпицентрдің координаттары: 41.54 градус солтүстік ендік, 49.98 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4. Энергетикалық класс К=10.9. Тереңдігі h=11 шақырым,- деп нақтылады мамандар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: