29.12.2023
20:57
1781

Каспий теңізінде жер сілкінді

28 желтоқсан күні Каспий теңізінде, Нардаран станциясынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform  ақпарат агенттігіне сілтем жасап.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:28-де тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 3,1 балл болды.

Зілзала ошағы 16 шақырым тереңдікте жатты.