2023 жылғы 02 шілдеде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Каспий теңізі жағалауында суға түсуге арналған жабдықталмаған жерде, жылжымалы авариялық-құтқару пунктінде кезекшілік атқару кезінде 2006 жылы туған жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жасөспірімге медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
Жазда су айдындарында қауіпсіздіктің белгілі бір ережелерін сақтау керек.
Арнайы жабдықталмаған бейтаныс жерлерде шомылудан аулақ болыңыз.
Балаларды үнемі бақылаңыз, оларға судағы қауіпсіздік туралы айтыңыз.