Каспий теңізінде екі жас жігіт құтқарылды

6 Қыркүйек, 05:18 600

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне екі адам батып кете жаздады. Оларға дер кезінде құтқарушылар көмекке келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, резеңке қайыққа мінген екі жас жігіт жағалаудан алыстап кетіп, қатты жел салдарынан өз бетінше жағаға шыға алмаған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жастарды тауып, жағалауға жеткізді. Олардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Перизат Саденова
Бөлісу: