Каспий теңізінде 6 адам құтқарылды

Каспий теңізінде 6 адам құтқарылды

Ақтауда құтқарушылар SUP-бордке мінген 6 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Теңізде серуендеген демалушыларды жел жағадан 300 м қашықтықта алып кеткен. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері демалушыларды қайықпен жағаға аман-есен жеткізді.

Осы ретте төтеншеліктер SUP-бордпен серуендеу кезінде жел мен ағысты ескеріп, сондай-ақ құтқару кеудешесін кию керек екенін еске салады.