Каспий теңізінің деңгейі қазіргі таңда бақылау жүргізілген бүкіл кезең ішіндегі ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Балтық биіктік жүйесі бойынша көрсеткіш – минус 29 метрден төмен. Бұл өзгеріс, ең алдымен, теңіздің таяз солтүстік бөлігінде, яғни Ресей мен Қазақстан жағалауларында айқын байқалады.
Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі 1990 жылдардың ортасынан бастап жалғасып келеді. 2020 жылдан бері теңіз деңгейі шамамен 0,8 метрге төмендеген. Бұл үдеріс Волга өзенінің жылдық ағынының азаюымен қатар жүріп жатыр. Волга — Каспий теңізінің негізгі су көзі, ал оның үлесі теңізге келетін өзен суының 80%-ын және жалпы су балансының шамамен 64%-ын құрайды.
Қазіргі уақытта Каспий теңізінің деңгейі инструменталды бақылау тарихындағы ең төменгі межеге жетті. Бұл әсіресе солтүстік бөлікте қатты сезіледі — теңіз шегініп, су түбі ашылып қалған аймақтар көбейді. Осы аймақтар — биологиялық тұрғыдан ең бай экожүйелердің бірі, ал су айдынының азаюы бұл жүйеге айтарлықтай кері әсерін тигізуде, – деп мәлімдеді Волжск-Каспий ғылыми-зерттеу филиалының өкілдері.
Ғалымдар теңіз деңгейінің төмендеуінің негізгі себебі ретінде Волга өзенінің жыл сайынғы су көлемінің азаюын атап отыр. Соңғы төрт жылда бұл көрсеткіш 210–232 текше шақырым аралығында болған, ал бұл көпжылдық орташа көрсеткіштен (шамамен 250 км³) айтарлықтай төмен.
Сонымен қатар, мамандар парниктік газдардың артуы салдарынан атмосфера температурасының көтерілуін атап өтеді. Бұл жағдай:
Қазіргі уақытта Ресейдің Табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізінің тартылуымен күресуге бағытталған кешенді бағдарлама дайындап жатыр. Бағдарламаға Каспий ғылыми-зерттеу институтының мамандары да қатысуда.
Мақсат:
Бұған дейін Каспий теңізі маңынан итбалықтардың өлекселері табылғаны туралы жазған едік.