Каспий құбыр консорциумының жұмысы тоқтап тұр

22 Тамыз 2022, 15:46 1276

«Каспий құбыр консорциумы» екі шығарылатын айлақ қондырғысынан (ШАҚ ) мұнай жөнелтуді тоқтатқанын растайды

Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Каспий құбыр консорциумы» екі шығарылатын айлақ қондырғысынан (ШАҚ ) мұнай жөнелтуді тоқтатқанын растайды. Жабдықта жарықшақатар табылған.

«2022 жылғы тамызда екі шығарылатын айлақ құрылғысы жабдықтарының кешеніне техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде су асты түтіктерін жүзу танктеріне бекіту тораптарында жарықшақтар анықталды. Халыққа және қоршаған ортаға төніп тұрған қауіп жоқ, өйткені жабдықтың саңылауы сақталып, мұнай төгілген жоқ», - делінген Каспий құбыр консорциумы хабарламасында.

Табылған жарықшақтарға байланысты КҚК айлақ құрылғысы өндірушісі – IMODCO компаниясына, сондай-ақ құрылғылардың қауіпсіздігін бақылайтын ABS жіктеу қоғамына кеңес алуға жүгінді.

«Бұл ұйымдар жүзу танктерін ауыстырғанға дейін ШАҚ пайдалануды тоқтата тұруды ұсынды», – деп хабарлады компаниядан.

Жалпы Қазақстан мұнайының басым бөлігі экспортталатын Каспий құбыр желісінің жұмысының тоқтауы биылға бірінші рет емес.

Бөлісу: