Кәсіпкерлікті қудалау қашан тоқтатылады

16 Наурыз 2023, 18:46 1068

Бұл туралы Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Алхайдар Асқаров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағандыда «Атамекен» ҰКП мен ҚР Бас прокуратурасы арасында бизнесті қорғау саласындағы мәселелер талқыланды. Солардың бірі кәсіпкерлікті қудалауды тоқтату жөніндегі мәселені қарастырып, келісімге қол қойды.

Бизнесті қорғау экожүйесін қалыптастыру аясында «Атамекен» ҰКП мен ҚР Бас прокуратурасы арасында бизнесті қорғау саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарға қол қойылды. Кешенді жоспардың тармақтарының бірі кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тарту фактілерінің алдын алу бойынша бірлескен жұмысты күшейту болып табылады. Біздің бүгінгі кездесуіміз қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы бизнесті қорғау жөніндегі қадағалау қызметін талдауды тыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр, - деді Алхайдар Асқаров.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Шара барысында елімізде жүйелі негізде кәсіпкерлік қоғамдастықты қалыптастыру, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және салауатты бәсекелестікті дамыту үшін құқықтық негіз жетілдіріліп жатқанын атап өтті.

Палатаның құқықтық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Азамат Даненбаев кәсіпкерді қылмыстық процеске немесе рейдке тарту орын алған кезде, заң консультациясы мен көмек қажет болған жағдайларда кәсіпкерлер палатасына уақыт жоғалтпай жүгінуге шақырды.

Миражан Махан
Бөлісу: