Кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін үшжақты келісімге қол қойылды

16 Мамыр, 16:02 587

ҚМА Төрағасының "Атамекен" ҰКП өкілдерімен және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен кездесуі өтті, оның барысында 2024 жылға арналған өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қаржылы мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов агенттік адал бизнесті қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда қылмыстық істерді жаппай тіркеу алынып тасталды, оның үлесі 40%-ға төмендеді. Істердің 80%-дан астамы электронды форматта тіркеледі.

Қылмыстық істер бойынша кәсіпкерлерді шақыру үрдісі бойынша келісу алгоритмі енгізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлерді куәгер ретінде шақыру саны 40%-ға төмендеді, - деді Дмитрий Малахов.

Өз кезегінде "Атамекен" ҰКП төрағасы Райымбек Баталов ҚМА-ға бизнесті қорғаудағы ұстанымы үшін алғысын білдірді, өйткені қылмыстық процеске тарту кәсіпкерлер үшін уақыт пен материалдық шығындарға алып келеді.

Райымбек Баталов экономикалық қылмыстарды одан әрі қылмыссыздандыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі ҚМА қызмет бағытын, оның ішінде заң жобасын әзірлеу кезінде Агенттік қолдаған ҰКП ұсыныстары көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал етпей, мемлекет пен бизнес мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров барлық тараптардың ортақ мақсаты кәсіпкерлікті қорғау екенін атап өтті. Ол кездесу барысында таныстырылыған ҚМА жұмысының алгоритмдері көлеңкелі экономикамен күресте маңызды буын болып табылатынын атап өтті.

Дмитрий Малахов ҚМА аумақтық департаменттерінің басшыларына Мемлекет басшысының "Экономиканы либерализациялау жөніндегі шаралар туралы" Жарлығының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Атап айтқанда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу, шағымдану рәсімі кезінде, сондай-ақ есептелген салық сомаларын толық ерікті түрде өтеу кезінде, мемлекеттік органның немесе соттың шешімі күшіне енгенге дейін қылмыстық істерді тіркеу кезінде тыйым салуды тапсырды.

Кездесу соңында тараптар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартудан қорғауға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.

Құжат елдегі кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жетілдіруге бағытталған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: