Кәсіпкерлердің наразылығын тудырып жатыр. Депутат цифрлық таңбалау туралы айтты

20 Сәуір 2023, 12:31 913

Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев премьер-министрдің орынбасарына 1 сәуірден күшіне енген цифрлық таңбалауы жоқ аяқ киімді сатуға тыйым салуға қатысты өзгеріс кәсіпкерлердің наразылығын тудырып жатқанын айтып, депутат сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық таңбалау көлеңкелі нарықты қысқартуға еш ықпалы жоқ, тауардың жасалу жолы мен сапасын айқындау құралы болып табылмайды. Оператор таңбалауды енгізудің келеңсіз нәтижелерін айтты. Мәселен қоймадағы тауарларға арнап шығарылған 30 миллион марканың небәрі 650 мыңы немесе 2,2 пайызы ғана пайдаланылған. Бірыңғай оператор тауар бірлігі үшін марканың құнын 3 теңге десе, кәсіпкерлер таңбалаудың нақты құны бір тауар бірлігіне 550 теңгеден 3,5 мың теңгеге дейін шығатынын айтуда. Яғни қымбат емес аяқ киім 20-30% қымбаттайды, бұл тұрмысы төмен тұтынушылардың жағдайын нашарлатады, – деді Ержан Бейсенбаев.

Сондай-ақ мәжілісмен таңбалау бойынша үстеме шығыстар да айтарлықтай сомаларды құрайтынын және қаржылық шығындардан бөлек, техникалық қиындықтар да барын жоққа шығармады.

Заңсыз өнімдермен күресу деген желеумен цифрлық таңбалауды енгізу және әзірлеуге бастамашы ресейлік тарап болған. Бүгінде өздерінде таңбалауды енгізу тауар құнының орта есеппен 20%-ға өсуіне әкелді. Бізде аяқ киімге және тағы басқа тауарларға таңбалауды енгізді. Ал көлеңкелі нарықтың ең жоғары үлесі бар алкогольге қатысты маркировкадан үкімет бас тартты», – дейді депутат.

Депутат ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қолында болғанын айтып, сол себепті оларға тиіспей, қарапайым кәсіпкерлерді қосымша төлемдермен қанағанын жеткізді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: