Кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

27 Қазан 2022, 04:19 1260

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды

Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды El.kz.

ҚР ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті жүргізген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында 18 қазанда Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан қорқытып ақша мен мүліктерді тартып алумен және есірткінің заңсыз айналымына байланысты бірнеше қылмыстарды жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық ортаның 12 мүшесі ұсталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Алдын ала тергеу жалғасуда.

"Осыған байланысты, ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан жәбір көрген азаматтар, не кәсіпкерлер болса, ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментіне хабарласуды сұраймыз. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жария етілмейді", - деді Қызылорда облысының прокуратурасы.
Бөлісу: